Берікқара ауылдық округі Уштөбе фермасы аумағында карантин белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімі аппаратының 2015 жылғы 23 қараша № 8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 қарашада № 2824 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына және Талас ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2015 жылғы 23 қарашадағы №316 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Берікқара ауылдық округі Уштөбе фермасы аумағында сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты, Берікқара ауылдық округі Уштөбе фермасы аумағында карантин белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Берікқара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Д. Амантаевқа жүктелсін.
       3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі С.Талқанбаев

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің
      Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің
      Талас аудандық аумақтық инспекциясының басшысы
      ________________Б.Ақылбеков
      " 23 " қараша 2015 ж.
      Талас ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Г.Маханова
      " 23 " қараша 2015 ж.
       "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің
      Талас аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ А.Айхымбеков
      " 23 " қараша 2015 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады