"Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 17/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 3174 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 01/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 11.01.2017 № 01/02 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, "Қарағанды қаласының атқарушы органдарының құрылымы және штат санының лимиттері туралы" Қарағанды қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 04/05 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 05/02 қаулысын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      
      Қоса берілген "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Жұмекеновке жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Әубәкіров

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 17/05 қаулысымен
бекітілген

"Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шегінде Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
      5. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      9. Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Бейбітшілік бульвары, 39 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Караганды".
      10. Осы Ереже "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер, "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықты жолаушылар көлігімен, автокөліктің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын, қала автожолдарының тиісті техникалық жағдайын, сумен қамту және суды бұрып шығару жүйелерінің үздіксіз жұмыс жасау бойынша іс-шаралардың жүзеге асырылуын, коммуналдық меншіктегі жылу желілері жүйелерінің жұмыс жасауын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және қала маңы бағыттары жұмысын мемлекеттік реттеу;
      2) Қарағанды қаласының автомобиль жолдары құрылысы, қайта құру, жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) қаланы су қамту және жылу бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
      4) қаланы жарықтандыру бойынша бюджеттік бағдарламаның орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
      5) қаланы абаттандыру бойынша бюджеттік бағдарламаның орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
      6) елді мекендердегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламаның орындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
      7) елді мекендердегі санитарияны қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламаның орындалуын бақылау және қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) жолаушылар және багажды тұрақты қалалық және қала маңы тасымалдауын ұйымдастыру, олардың бағыттарын және бағыттар бойынша қозғалыс кестесін дайындау;
      2) жолаушылар және багажды таксимен тасымалдауын ұйымдастыру;
      3) автомобиль көлігімен жолаушылар және багажды тұрақты қалалық және қала маңы тасымалдау бағыттарының тізімін жүргізу;
      4) жергілікті деңгейдегі жолдар құрылысы, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      5) қаланың көлік инфоқұрылымы құрылысын ұйымдастыру;
      6) қалалық маңызы бар жолдарды тиімді пайдалану және күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
      7) қаланың елді мекендер көшелерін жарықтандыруды тиімді пайдалану мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
      8) жылу және су құбырларының пайдалануын ұйымдастыру;
      9) коммуналдық қалдықтарды шығару тарифін есептеу.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) облыс, қала, қала аудандары әкімдерінің аппараттарында және мекемелерінде өткізілетін отырыс, мәжіліс, шараларға қатысуға;
      2) өзіне жүктелген міндеттерді атқару үшін қажетті ақпарат, құжаттар және басқа материалдарды кәсіпорын, ұйым және мекемелерден сұратуға және алуға;
      3) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер және органдармен қызметтік хат алмасуға;
      4) қала аумағында орналасқан ұйым, мекеме және кәсіпорын басшыларын өзекті мәселелерді қарастыруына қатыстыруға;
      5) "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекттік мекемесінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыстар шақыруға;
      6) Қазақстан Республикасы заңнамасы негізінде "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына сәйкес қабылдауға болжамалы, құқықтық актілерді әзірлеу мен дайындауды жоспарлауға;
      7) "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін жүргізуге жатқызылған салада әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларды дайындау мен орындау, бюджеті іске асыру және қалыптастыру бойынша қызметі жүзеге асыруға;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз жұмыс істейді;
      2) Барлық ұйымдарда "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      3) заңнамамен белгіленген жағдай мен шекарада мүлікке билік жүргізеді;
      4) шарттар жасайды;
      5) сенімхаттар береді;
      6) "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
      8) "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалау және ынталандыру шараларын қолданады;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарының және "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басқа да басшы қызметкерлерінің өкілеттік шеңбері мен міндеттерін анықтайды;
      10) "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін бекітеді;
      11) заңнамамен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
      "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастырушы тұлғамен жүзеге асырылады.
      21. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      23. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады