2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша субсидиялар көлемдері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облыстық әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 17 наурыздағы № 876 қаулысы. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 09 сәуірде № 4940 болып тiркелдi. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "17" наурыздағы № 876 қаулысына
қосымша

2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) субсидиялар көлемдері

Аудандар (қала)

Субсидия көлемі, мың теңге

Жаңақорған

479 194

Шиелі

327 974

Сырдария

532 345

Жалағаш

536 027

Қармақшы

385 090

Қазалы

248 130

Арал

10 729

Қызылорда қаласы

82 275

Барлығы

2 601 764


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады