Ғ. Мұратбаев ауылдық округі, Ғ. Мұратбаев ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 маусымда N 5034 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 8-09-90 ұсынысы негізінде Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылдық округi, Ғ.Мұратбаев ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Ауылдық округінің әкімі Б.Бисембаев
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазалы ауданының ветеринария
      және ветеринариялық бақылау
      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________________А.Рыстығұл
      "01" маусым 2015 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады