"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық маслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 01 қазандағы № 44/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда № 5185 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 27/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 07.08.2018 № 27/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Ресаубликасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Ресаубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/5 шешіміне (нормативтік құқытық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4663 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2014 жылғы 17 мамырдағы №34 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
      6 тармақтың 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) отынды (көмірді) жылыту маусымында пайдалану - әр отбасына (азаматқа) айына 0,667 тонна".
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шиелі аудандық мәслихаттың Шиелі аудандық мәслихаттың
      сессиясы төрағасы хатшысы
      Н Палымбет Ә. Оразбекұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысының міндетін атқарушы
      ___________________________ А.Алдажаров
      01.10.2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады