Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 34/232 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада № 2875 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      11 тармақта:

      6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) әлеуметтік көмек табысын есепке алмай және мамандық таңдауға шектеу қоймай, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын бала жастан мүгедек, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек студенттер мен өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққанда, Маңғыстау облысы бойынша 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа табысы бар отбасылардағы келесі санаттағы тұлғаларға, ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде, жылына бір рет білім беру ұйымдарына білім беру қызметіне төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға – 5 (бес айлық) есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      ауданның денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерін білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада оқитын студенттерге;

      тұл жетім немесе балалар үйінде және балалар ауылында тәрбиеленуші студенттерге;

      ата-анасының біреуі немесе екеуі де бірінші, екінші топтағы мүгедек немесе екеуі де зейнеткер студенттерге;

      ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;

      бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған кемінде төрт және одан да көп баласы бар отбасындағы бір студентке ғана көрсетіледі.".

      2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А.Тасболатов

Аудандық мәслихат хатшысы

А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М.Дощанов

      29 қазан 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы:

      Ж.Төлеген

      29 қазан 2015 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады