"Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 1892 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 5808 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 28.02.2017 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ЕреженіңҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім А. Ахметжанов

  Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 1892 қаулысымен бекітілген

"Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласының стратегиялық, бюджеттік жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдылықтарды қалыптастыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiлік берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – қаланың бәсекелесуге жоғарытылған қабілетті және оның тұрақты экономикалық дамуының әлеуметтік-экономикалық саясатты, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау жүйені және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану қамтамасыз етуін іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) стратегияны әзірлеу, қаланың басымдылықтарын және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарды анықтау;
      2) қаланың бюджеттік саясатын қалыптастыру;
      3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарды әзірлеу ойынша үлестіруді жүзеге асыру;
      2) жоғары тұратын органдардың нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
      3) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;
      4) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжам жобасын әзірлеу;
      5) қаланың даму аймағының бағдарламаларын әзірлеу;
      6) қаржылық жылға тиісті қалалық бюджет жобасын әзірлеу және бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
      7) қаржы жылына тиісті қалалық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      8) қалалық бюджет бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын бекіту және әзірлеу;
      9) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселері жөніндегі нормативті-құқықтық актілерінің жобаларына келісім беру;
      10) экономикалық талдау өткізу және қала дамуының негізгі көрсеткіштерін болжау;
      11) Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдардың лимиті мен құрылымы туралы Қостанай қаласы әкімдігінің қаулы жобаларын әзірлеу;
      12) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларына экономикалық сараптама өткізу;
      13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары және міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша қала әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      2) жергілікті атқарушы органдарымен әлеуметтік-экномикалық дамуының болжамын, қала дамуының Бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспарларының іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
      3) қала дамуының бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспарын түзету жөніндегі қала әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органмен ақпараттық–аналитикалық материалдарды дайындау және ұсыну;
      5) өз құзыреті шегінде нормативті-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, материалдарды және құжаттарды көрсетілген сұрау және алу;
      7) қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғалардың консалтинг қызметтерін жүзеге асыру үшін жұмысқа тарту;
      8) мемлекеттік басқару жергілікті органдардың мамандарына, сонымен қатар тәуелсіз сарапшыларға сараптама өткізу және консультация беру үшін тарту;
      9) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі оған қолданыстағы заңнамамен ұсынылған өзге де құқықтары мен міндеттері болады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесімен басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекетік мекемесі бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларын орындау үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде қабылданбаған шараларға дербес жауап береді.
      3) белгіленген заңнамада тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеменің штаттық кестесін бекітеді;
      5) лауазымға біліктілік талаптарын бекітеді;
      6) бұйрықтар шығарады және "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен орындау үшін міндетті тапсырмалар береді;
      7) барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
      8) белгіленген заңнамадағы тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қыметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза салады;
      9) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөнінде "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тәртібі мен жоспарларын бекітеді.
      10) қаржы құжаттарында бірінші қол қою құқығына ие болады;
      11) шарттар жасасады;
      12) сенімхаттар береді;
      13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады