Әкімдіктің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 262 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 наурызда № 5471 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 507 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 507 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5183 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында спорттық құрылыстар салу мәселелерін үйлестіру;
      15) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
      16) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметін қамтамасыз ету.";
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) Рудный қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Рудный қалалық № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";
      6) Рудный қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Рудный қалалық № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы И.Н. Бурнаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы М. Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады