Әкімдіктің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 148 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 5885 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 23.05.2016 № 154 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашадағы "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
       16-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "16-1) Балалардың және жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету";
      "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіп орындар тізбесі мынадай мазмұндағы 34) тармақшасымен толықтырылсын:
      "34) Денисов ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Денисов ауданының психологиялық–педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";
      28), 30), 31), 32), 33) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
      "28) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Балдаурен" бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      30) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      31) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Солнечный" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      32) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 1 бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      33) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 40 бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Б. Сикироваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады