Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 205 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 5393 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 154 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 15.02.2018 № 154 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлердi аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 14.04.2016 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      2. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 200 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5332 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Жангелдин аудандық
мәслихатының кезектен тыс
сессиясының төрағасы
Т. Мырзағалиев
      Жангелдин ауданының
мәслихатының хатшысы
С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
      басқармасы" республикалық мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқарушы
      ________________________А.Ахметжанов
      2015 жылғы 26 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады