Қарабалық ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 348 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 мамырда № 5587 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2016 жылғы 5 мамырдағы № 26 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 05.05.2016 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қарабалық ауданы аумағында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс
      сессия төрағасы А. Утешов
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы Е. Аманжолов

  Мәслихаттың
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 348 шешіміне қосымша

Қарабалық ауданы аумағында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

№ р/с

Елді мекендердің атаулары

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

1
Қарабалық кенті
Қарабалық кентіндегі Ленин көшесі бойынша мәдениет және демалыс паркі
2
Қарабалық кенті
Қарабалық кентінде Спортивный көшесі бойынша стадионы
3
Белоглин ауылдық округі
Научный ауылындағы Темирязев көшесі бойынша алаңы
4
Бөрлі ауылдық округі
Бөрлі ауылындағы 70 лет Октября көшесі бойынша стадионы
5
Бозкөл ауылдық округі
Бозкөл ауылындағы Советская көшесі бойынша сауда Үйі алдындағы алаңы
6
Есенкөл ауылдық округі
Лесной ауылындағы Садовая көшесі бойынша алаңы
7
Қарабалық ауылдық округі
Қособа ауылындағы Парковая көшесі бойынша дүкен алдындағы алаңы
8
Қостанай ауылдық округі
Сарыкөл ауылындағы Мектеп көшесі бойынша ауылдық клуб алдындағы алаңы
9
Михайлов ауылдық округі
Михайлов ауылындағы Центральный көшесі бойынша шіркеу алдындағы алаңы
10
Новотроицк ауылдық округі
Новотроицк ауылындағы Мошков көшесі бойынша орталық алаңы
11
Победа ауылдық округі
Победа ауылындағы Ленин көшесі бойынша алаңы
12
Славен ауылдық округі
Славен ауылында Мир көшесі бойынша алаңы
13
Смирнов ауылдық округі
Смирнов ауылындағы Ленин көшесі бойынша мәдениет Үйі ғимараты алдындағы алаңы
14
Станционный ауылдық округі
Станционный ауылындағы Совхозная көшесі бойынша "Старый дуб" кафесі алдындағы алаңы
15
Тоғызақ ауылы
Тоғызақ ауылындағы Степная көшесі бойынша мәдениет Үйі алдындағы алаңы
16
Өрнек ауылдық округі
Приречный ауылындағы Мир көшесі бойынша мәдениет Үйі алдындағы алаңы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады