2016 жылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 240 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 6048 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақысы нақты орындалған жұмыстар үшін, 2016 жылға белгіленген ең төменгі айлық жалақының 1,25 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      3. Еңбекке төленетін ақы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні айқындалсын.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тізбеде белгіленген ұйымдар арасындағы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген шарттарда жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. В. Швыдченкоға жүктелсiн.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Меңдіқара
      ауданының әкімі                            В. Ионенко

Әкімдіктің       
2015 жылғы 16 қарашада  
№ 240 қаулысымен бекітілген

2016 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдардың
тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi,
көлемі мен нақты жағдайлары

Ұйымдардың атауы

Жұмыстардың түрлері

Жұмыстардың көлемi (сағат)

Қоғамдық жұмыстардың жағдайлары

1.

"Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

5040

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен

2.

"Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

5040

3.

"Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

4032

4.

"Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

5040

5.

"Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

5040

6.

"Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

4736

7.

"Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

5408

8.

"Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

8112

9.

"Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

8064

10.

"Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

6560

11.

"Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

7104

12.

"Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

4736

13.

"Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін көгалдандыру, жинау және абаттандыру бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

63000

14.

"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін құжаттарды өңдек бойынша жұмыстарға күн сайынғы көмек

1968

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады