Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 310/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 4361 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі N 43/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 08.07.2016 N 43/5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 196/28 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3731 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдар.";
      9-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 8-тармақтың 2) тармақшасындағы бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарда, 3) тармақшасындағы бірінші, екінші абзацтарда, 4) тармақшасындағы бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарда, 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы А. Шалабаева
      Қалалық мәслихат хатшысы М. Омарғалиев

      жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады