2015 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы № 1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 4274 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 12 қаңтардағы N 26/1-15/25 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты басшысының 12.01.2016 N 26/1-15/25 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) елу жастан асқан тұлғалар;
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) бірде-бір жұмыскері жоқ отбасынан шыққан жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады