Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қазандағы № 326-5/41 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қарашада № 4781 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 355-5/48 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 16.02.2016 № 355-5/48 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер және экология бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ж. Балтабаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады