Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округінің Иса Байзақов ауылының Карл Маркс көшесіне карантин орнату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 маусымда № 4526 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 7 тамыздағы N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі әкімінің 07.08.2015 N 3 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ұсынысы негізінде малдардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Ертіс ауданының Байзақов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
      1. Ауылшаруашылық малдардың арасында эмфизематоздық көршиқан ауруы ошақтарының анықталғанына байланысты Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округінің Иса Байзақов ауылының Карл Маркс көшесіне карантин орнатылсын.
      2. "Ертіс ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Байзақов ауылдық
      округінің әкімі А. Сәрсембаев
      КЕЛІСІЛДІ
      "Ертіс ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Ж. Ж. Усаханов
      2015 жылғы "26" мамыр
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Ертіс
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Е. А. Кәрімжанов
      2015 жылғы "26" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады