Қызылжар ауылдық округінің "Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 1-22-02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қарашада № 4776 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 1-22-01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 25.05.2016 № 1-22-01 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ертіс аудандық ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынымы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының аумағында орналасқан "Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің малшаруашылық кешенің № 13 және № 14 сиыр қоралары аумағында ірі-қара мал лейкозының анықталуына байланысты, шектеу шараларымен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжар ауылдық округінің әкімі Т. Жакупов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Ауыл шаруашылық министрлігінің
      ветеринарлық бақылау және қадағалау
      комитетінің Ертіс аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Е. Кәрімжанов
      2015 жылғы 14 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады