Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир ауданы Верненка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 қазанда № 4753 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир ауданы Верненка ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир ауданы Верненка ауылдық округі әкімінің 14.09.2016 № 4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Качир ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 205 ұсынысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Качир ауданы Верненка ауылдық округінің Львовка ауылындағы "Вильгельм" шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдардың лейкоз ауруы фактісі бойынша шектеулі іс-шаралар белгіленсін.
      2. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Качир аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттігі Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Качир аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі Г. Ахметова
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Качир ауданының ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Жәрелдинов
      2015 жылғы "11" қыркүйек
      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Качир
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Сәрсенов
      2015 жылғы "11" қыркүйек
      "Қазақстан Республикасы
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау Агенттігі Павлодар облысы
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің
      Качир аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Тыртықаев
      2015 жылғы "11" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады