"Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 200/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 4600 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 423/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 29.12.2017 № 423/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің ауыл жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бабенко

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "23" маусым
№ 200/6 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Павлодар ауданының аумағында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері жөнінде заңнамада белгіленген тәртіпте "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.

      10. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Павлодарского района".

      12. Мемлекет Павлодар ауданының әкімдігі тұлғасында "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады

      13. Осы Ереже "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын тиімді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласында бірыңғай экономикалық саясат жүргізу.

      17. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтегі мақсаты шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ауыл шаруашылықты тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      18. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Павлодар ауданының аумағында кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

      19. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

      1) кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдау саласында заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалу тиімділігін талдауды және мониторингілеуді қамтамасыз ету;

      2) "Бизнестің жол картасы 2020", "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы", "2012 - 2020 жылдарда моноқалаларды дамыту" бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына жәрдемдесу;

      3) Павлодар ауданында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

      4) кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыру үшін қолайлы орта құру, еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      5) бағалар мониторингісі жүйесін ұйымдастыру;

      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге бағаларды тұрақтандыру бойынша шаралар дайындау;

      7) Павлодар ауданының сауда қызметі үшін жағдай жасау;

      8) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылықты дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;

      9) ауыл шаруашылығында реформаларды жетілдіру және тереңдету, шаруашылық жүргізудің түрлі нысандарын дамыту;

      10) аудан мен облыстың қажеттіліктерін қанағаттандыру және сыртқы нарыққа жеткізілуі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен қайта өңделуін үдетуді ынталандыру жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру;

      11) аграрлық секторды дамыту концепциясын әзірлеу және іске асыру, тенденцияны талдау, оның келешегін болжау және анықтау;

      12) аграрлық секторға басқарудың маркентингілік жүйесін енгізу;

      13) қаржы-экономикалық сауықтыру (санация) немесе созылмалы залалды кәсіпорындарды тарату жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларды орындау;

      14) ауыл шаруашылығында жаңа құрылымдардың жұмыс істеуінің экономикалық тетігін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу;

      15) ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауға, ауыл шаруашылығының барлық салаларының қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған қаржылық, кредиттік, салық саясатын жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар енгізу;

      16) ауыл шаруашылығыңда шаруашылық жүргізудің түрлері және меншіктің түрлі нысандары жұмыс істеген жағдайда есеп жүргізуді, жедел, статистикалық және бухгалтериялық есеп беруді ұйымдастыру және жетілдіру;

      17) ауыл шаруашылық өндірісінде трактор, комбайн, автомобиль, жабдықтар, ауыл шаруашылық машиналары, жанар май және басқа да материалдық ресурстар қажеттілігінің болжамдарын әзірлеу;

      18) мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру мен ауыл шаруашылық жабдықтау, мелиорация, тауар өндірушілердің сервистік қызмет көрсету облысындағы жұмыстарын үйлестіру;

      19) ауыл шаруашылығының кадр әлеуетін талдау, мамандар қажеттілігіне болжау жасау. Кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, консультациялық көмек көрсету;

      20) жұмыс кезінде кадрларды дайындауды ұйымдастыру және жәрдемдесу;

      21) ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салалары өнімдерінің сапасына, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына бақылау жүргізу;

      22) аудандағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, инфрақұрылымды дамыту;

      23) аудан аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

      24) шағын және орта бизнес субъектілерінің шоғырлануына жәрдемдесу, аймақаралық ынтымақтастықты дамыту;

      25) кәсіпкерлік техникалық және қаржылық қолдау нысандарын дамыту;

      26) шағын кәсіпкерлікті дамытудың ұйымдастырушылық-құқықтық шарттарын жетілдіру;

      27) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауды қамтамасыз ету.

      20. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) Павлодар ауданы аумағында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) бес жылдық кезеңге Павлодар ауданының аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      3) кәсіпкерлік субъектілерінің жағдайына және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізу, кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік қаржы қаражатының пайдалануын бақылауға қатысу;

      4) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамытуға кедергі келтіретін себептерді жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      5) өңірлік және республикалық сапа конкурстарына кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      6) ауыл шаруашылығы жүйесінде ұйымдар мен кәсіпорындардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      7) азық-түлікті ұлғайту жөнінде бағдарламалар мен ұсынымдар әзірлейді және өндірістік әлеует пен өзін-өзі қамтамасыз етудегі және өнімдерді өткізудегі аудан мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға жәрдемдеседі;

      8) ауыл шаруашылығы жүйесінде сыртқы экономикалық қызметті үйлестіреді;

      9) өндірісті қаржылық қамтамасыз ету ресурстарының қажеттілігін белгілейді және оларды құру көздері жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      10) нарықты реттеу тетігін, нарық инфрақұрылымын және барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қажетті экономикалық жағдайлар жасауға жәрдемдеседі;

      11) кәсіпорындардың экономикалық жағдайын қарастырады, олардың қаржы тұрақтылығын жоғарлату жөнінде шаралар жүйесін әзірлейді;

      12) меншіктің барлық нысанындағы ауыл шаруашылық өндірісте механикаландыру, электрлендіру, энергетика, көлік және байланысты дамыту, орналастыру және мамандандыру келешегін белгілейді;

      13) шағын және орта бизнестің дамуына жәрдемдеседі;

      14) өз құзыреті аясында инвестициялық бағдарламаларды, оның ішінде шетел кредиттерінің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды дайындау мен іске асыруды жүргізеді;

      15) бюджеттен бөлінген қаражат есебінен мақсатты қаржыландыруды жүзеге асырады;

      16) инвестициялық саясатты, өндірістік, мелиоративтік және әлеуметтік объектілердің жобалануын ғылыми және әдістемелік басқаруды жүзеге асырады;

      17) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

      18) Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша шараларды жүзеге асыру;

      19) дамытудың мемлекеттік институттары арқылы инвестициялық саясатты іске асыру;

      20) монополизмді жеңудің мемлекеттік саясатын ауданда іске асыру;

      21) шағын және орта бизнес субъектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдану;

      22) шағын және орта ғылыми кәсіпорындар мен инновациялық бизнесті қалыптастыру және дамыту;

      23) бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлік мәселелерін жариялау;

      24) өз құзыреті шеңберінде барлық құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекет етуді жүзеге асырады;

      25) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар дайындайды, сондай-ақ нарық инфрақұрылымдарын қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

      26) ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді экономикалық қолдау қорларының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      27) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруді жүзеге асырады;

      28) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер береді;

      29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркейді;

      30) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркейді, қайта тiркейді;

      31) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізеді;

      32) тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механиздеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсынады;

      33) аудан аумағында туристік қызмет көрсету нарығына талдау жүргізуді жүзеге асыру;

      34) туристік қызметті және туристік маршруттар мен соқпақтарды жүзеге асыратын тұлғаларды мемлекеттік тізілімге енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастыру және ұсыну;

      35) туристік қызмет көрсету субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастырумен байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

      36) туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралар жүргізуді іске асыру;

      37) туристік қызмет көрсету нарығын талдау және Павлодар ауданы аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну: аудандық туристік ресурстарды қорғау шараларын әзірлеу және енгізу;

      38) туризм туралы, соның ішінде туристік әлеует, туристік қызметті жүзеге асыратын туризм объектілері мен тұлғалар туралы ақпаратты ұсыну.

      39) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) осы Ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

      2) ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу;

      3) ауыл шаруашылығы мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес саладағы мамандардың мүдделерін қорғау;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін қаланың өзге де атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимылда болады.

3. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      23. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымына аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      25. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) жауапты қызметшілер арасындағы міндеттерді бөледі, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік мекеменің аудандық бөлімдермен, ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің аппараттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      4) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;

      5) мемлекеттік мекеменің жауапты қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      6) басшы бұйрықтарын шығарады;

      7) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      8) банктік шоттар ашады;

      9) барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      10) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;

      11) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;

      12) оған заңнамамен және Құрылтайшымен жүктелген басқа да функцияларды іске асырады.

      "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      27. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді

4. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (карату)

      33. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады