Орловка ауылдық округінің "Победа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 шілдеде № 4612 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 2 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округі әкімінің 03.12.2015 № 2 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынымы негізінде, Орловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында орналасқан "Победа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында ірі-қара мал лейкозының анықталуымен байланысты, шектеу шараларымен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      И. Галлямова
      КЕЛІСІЛДІ:
      Ауыл шаруашылық министрлігінің
ветеринарлық бақылау және қадағалау
комитетінің Шарбақты аудандық
аумақтық инспекциясының басшысы
Г.Фисенко
      17 маусым 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады