Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 35-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 маусымда N 3275 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 03.07.2018 № 26-4 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 маусымда № 2299 тіркелген, аудандық "Есіл өңірі" газетінде 2013 жылғы 15 шілдеде, "Новости Приишимья" газетінде 2013 жылғы 15 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
XХXV сессиясы төрайымы
Н. Ромашина
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Б. Ысқақова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 27 мамыр
Н. Барақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады