Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 37/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда N 3279 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі N 2/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 25.04.2016 N 2/1 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодекстің 378-бабымен белгіленген, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы

Г. Елубаева

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы

А. Молдахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің
Қызылжар ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 26 мамыр

А. Нұртазин

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады