Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 33 "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 165 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда № 3232 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 16.05.2017 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 33 "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3130 тіркелген, 2015 жылғы 31 наурыздағы "Атырау" газетінде жарияланған) мынандай толықтыру енгізілсін:

      қосымшада:

      "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      16–тармақ келесі мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:

      "30) елді мекендерді шаруашылық - ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру - барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.".

       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады