Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы №ХХХ-5 "Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № XXXIII-4 шешімі. Атырау облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 3 тамызда № 3270 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 10-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес және 2015 жылғы 17 маусымдағы Мұқыр ауылдық округі әкімінің № 26, 2015 жылғы 20 шілдедегі Ойыл ауылдық округі әкімінің № 22, 2015 жылғы 20 шілдедегі Тасшағыл ауылдық округі әкімінің № 18, 2015 жылғы 20 шілдедегі Жамбыл ауылдық округі әкімінің № 7, 2015 жылғы 20 шілдедегі Қызылқоға ауылдық округі әкімінің № 6, 2015 жылғы 20 шілдедегі Жангелдин ауылдық округі әкімінің № 7, 2015 жылғы 20 шілдедегі Тайсойған ауылдық округі әкімінің № 9, 2015 жылғы 21 шілдедегі Сағыз ауылдық округі әкімінің № 43, 2015 жылғы 23 шілдедегі Миялы ауылдық округі әкімінің № 59 және 2015 жылғы 23 шілдедегі Көздіғара ауылдық округі әкімінің № 11 шешімдерінің негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы № ХХХ-5 "Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3161 санымен тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетіне 2015 жылғы 7 мамырда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:

      қосымшалардың 11 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жиында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны әр ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің жүз тұрғындарынан (жергілікті қоғамдастық мүшелерінен) бір өкіл құрамында айқындалады.

      Егер ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде тұратын жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны жүз тұрғынға (жергілікті қоғамдастық мүшелеріне) жетпеген жағдайда, әрбір ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үйден бір өкілден сайланады."

      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, құқық қорғау және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Қ. Қоданов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы: М. Сүлейменов
      Мәслихат хатшысы: Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады