Тасшағыл ауылдық округі "Тасшағыл" өндірістік кооперативіне қарасты "Өтебай" қыстағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 мамырдағы № 11 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда № 3210 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 08.06.2015 № 16 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 73 ұсынысына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Тасшағыл ауылдық округінің "Тасшағыл" өндірістік кооперативіне қарасты "Өтебай" қыстағындағы ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруының шағуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
       Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
       Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тасшағыл ауылдық округінің әкімі М. Қуанишов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Қызылқоға аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері
30 сәуір 2015 жыл
С. Тайшыбай
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Қызылқоға
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мекемесінің
басшысы
30 сәуір 2015 жыл
А. Аймуратова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады