2015 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 169 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3106 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 431 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 21.01.2016 № 431 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      1) 21 мен 29 жас аралығындағы жастар;
      2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады