2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 156 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 мамырда № 3181 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 1614 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімінің 01.03.2016 № 1614 хатымен).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.      2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Отырар ауданының аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2.      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Жунисовке жүктелсін.
      3.      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 20 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімі С.Полатов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 156 қаулысына қосымша

2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Отырар ауданының аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері


Дақылдар түрi
Оңтайлы мерзiмдерi
Ескерту
басталуы
Аяқталуы
1
Мақта
25.04.2015 жыл
30.05.2015 жыл
Суармалы жер
2
Дәнді жүгерi
20.04.2015 жыл
05.06.2015 жыл
Суармалы жер
3
Күнбағыс
05.05.2015 жыл
30.05.2015 жыл
Суармалы жер

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады