2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 335 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 3337 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 232 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының 13.01.2016 № 232 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Созақ ауданының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
      1) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
      2) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
      3) жұмыссыз әйелдер.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады