Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының 2015 жылға арналған нормативін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы N 61 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде N 3887 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына сәйкес, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10087) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының 2015 жылға арналған нормативі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "17" наурыздағы
№ 61 қаулысына қосымша

Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының 2015 жылға арналған нормативі

р/с №

Ауылшаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг

1

Сүт

Сары май

16,0

2

Сүт

Қатты ірімшік

15,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады