Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің құнын субсидиялауға берілетін субсидиялардың 2015 жылға арналған көлемдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 03 маусымдағы N 136 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 маусымда N 3996 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің құнын субсидиялауға берілетін субсидиялардың 2015 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариаланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "3" маусымдағы
№ 136 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің құнын субсидиялауға берілетін субсидиялардың 2015 жылға арналған көлемдері

р/с №

Аудандар, қалалар атауы

Субсидиялар көлемдері, мың теңге

1
Бесқарағай

900

2
Бородулиха

79340

3
Глубокое

82000

4
Жарма

1500

5
Зайсан

1000

6
Зырян

83800

7
Катонқарағай

14000

8
Көкпекті

35500

9
Үржар

6000

10
Ұлан

25500

11
Шемонаиха

91000

12
Семей қ.

6960

13
Риддер қ.

500

Жиыны:

428000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады