Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі Бородулиха ауылының Северный көшесі бойынша шектеу iс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 125 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда № 3959 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 197 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 10.07.2015 № 197 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 248 ұсынысына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің Бородулиха ауылының Северная көшесі бойынша шектеу іс-шараларын белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бородулиха ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Қадыровқа, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің Бородулиха аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының м.а. М. Б. Асавбаеваға тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Нұрғожинға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Г. Акулов
      Келісілді:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      Ветеринарлық бақылау және
      қадағалау комитетінің Бородулиха
      ауданының аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Қадыров

      2015 жыл "5" мамыр
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігінің
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитеті Шығыс Қазақстан
      облысы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      Бородулиха аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасы Республикалық
      мемлекеттік мекемесі басшысының м.а. М. Асавбаева

      2015 жыл "5" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады