Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі Қалжыр ауылында шектеу іс-шарасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 маусымда № 3987 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 19.05.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 290 ұсынысы негізінде, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұсақ малдар арасында сарып ауруының шығуына байланысты Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Темірхановқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалжыр ауылдық округінің әкімі Ж. Толыбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылық Министірлігінің
      ветиринариялық бақылау және қадағалау
      комитеті Күршім ауданының
      аумақтық инспекциясының бастығы Ә. Шапатов

      "20" мамыр 2015 ж

      "Күршім ауданының ветиринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысының
      міндетін уақытша атқарушы Т. Жампеисов

      "20" мамыр 2015 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады