2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 мамырдағы № 279 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 3992 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 28.01.2016 № 34 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Оразбаев

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "08 " мамыр
№ 279 қаулысына қосымша

2015 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырмасын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына қаржыландыру мөлшері, теңге
Балабақшалар, бөбекжайлар
Шағын орталықтар
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
35000
22680
20 000
14 500

      кестенің жалғасы:

Тәрбиеленушілер саны, адам
Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, тенге
Бір айда ата-аналар төлемінің мөлшері, тенге
Балабақшалар, бөбекжайлар
Шағын орталықтар
Балабақшалар, бөбекжайлар
Шағын орталықтар
1227
1766
30 000
15 000
8000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады