Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 23-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 сәуірде № 3904 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасы бекітілсін.
      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Голоухов
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы
27 наурыздағы № 23-4
шешімімен бекітілген

Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасы (бұдан әрі - қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленді және Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібін анықтайды.
      2. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері;
      ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті мемлекеттік басқару органы;
      жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – қаланың, ауданның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.
      3. Қағида меншiк түрiне қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      4. Осы қағида Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды реттеу мақсатында әзiрленді.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау

      5. Ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы оқшауланған немесе көршiлерге кедергi келтiрмейтiндей ыңғайландырылған аулада ұсталуы тиiс.
      6. Ауыл шаруашылығы жануарларын асыраудың міндетті талаптары:
      1) қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринариялық-санитарлық шараларды өткізу;
      2) карантин және шектеу іс-шаралары белгіленген жағдайда олардың талаптары мен шарттарын сақтау;
      3) ветеринария саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау;
      4) он жұмыс күнінен кешіктірмей ветеринариялық мекемеде төлді және жаңадан сатып алған ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу, сондай-ақ ветеринариялық-санитарлық шараларды жоспарлау мақсатында жаңадан сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі мен саны жөнінде нақты ақпарат беру;
      5) ветеринар мамандарға ветеринариялық шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасау, жануарларды қарау, диагностикалау, зерттеу және емдеу-алдын алу шараларын жүргізу үшін уақтылы алып келу;
      6) барлық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
      7) ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз қалдырмау;
      8) ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алған, жоғалтқан немесе өлім-жітімі орын алған кезде ветеринария саласындағы уәкілетті органға уақтылы хабарлау;
      9) ауыл шаруашылығы жануарлары адамға және басқа жануарға зақым келтірген кезде жақын маңдағы медицина мекемесіне және ветеринар мамандарға хабарлау қажет.
      7. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау әуе, су, темір жол және автокөлік түрлерімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерiнің қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiктерi

      8. Осы қағида талаптарын бұзғаны үшін жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады