Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 101 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 мамырда № 3916 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Су кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және "Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" және "Жайық өзені мен Шаған өзенінде (71 километр) су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" бекітілген жобалау құжаттамаларының негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жайық, Шаған өзендерінің және Шалқар көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимi белгіленсін.
      2. Орал қаласы, Теректі және Зеленов аудандарының әкімдері:
      1) су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде шаруашылық қызметті жүргізу үшін жер телімдерін бөлуді су объектілерінің ластануына, қоқыстануына және сарқылуына жол бермейтін тиісті пайдалану режимі сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен жүргізсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін жобалық құжаттамаларды Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне белгіленген тәртіппен тапсырсын.
      4. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясының басшысы
____________Б. Қуанов
22.04.2015 жыл

  2015 жылғы 21 сәуірдегі № 101
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша

Батыс Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері


Су объектісі, оның учаскелері

Орналасқан жері (елді мекен)

Шекарасының ұзындығы (км)

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ауданы (га)

Ені
(м)

Ауданы (га)

Ені
(м)

"Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

1
Жайық өзені (оң жағалау) ұзындығы 2,5 км, 2,0 км, 4,5 км
Орал қаласы, "Флот" ЖШС-ның аумағынан Дамбы тұйығы көшесіне дейін
9
841,2
800-1300
76,57
35-120
2
Шаған өзені (сол жағалау) ұзындығы 5,0 км
Орал қаласы, қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағынан "Динамо" спорт қоғамына дейін
5
337,7
500-650
47,9
35-150
3
Шалқар көлі
Теректі ауданының Сарыөмір ауылы
57
5844
500
2990
50-50

"Жайық өзені мен Шаған өзенінде (71 километр) су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

Орал қаласы
1
Жайық өзені
Коминтерн Зачаган кентінің бөлігі
5
410
1000-1650
11
35-100
2
Жайық өзені
Меловые горки ауылы
3
350
1010-1075
10,8
35-35
3
Жайық өзені
Саяжайлар (Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті )
3
350
1000-1235
10,9
35-35
4
Жайық өзені
Круглоозерное кенті
3
400
1000-1170
10,8
35-35
5
Жайық өзені
Серебряков ауылы
3
380
1120-1200
13
35-100
6
Жайық өзені
Желаев ауылы
3
440
1000-1090
15
35-100
7
Жайық өзені
Саяжай
5
510
1000-1100
18
35-100
8
Шаған өзені
"Самал" саяжайлары
6
306
500-530
11,8
35-35
9
Шаған өзені
Деркөл кенті
5
280
500-570
10
35-35
Зеленов ауданы
1
Жайық өзені
Щапов ауылы
3
370
1060-1150
13
35-100
2
Жайық өзені
Трекин ауылы
3
320
1000-1080
11,1
35-75
3
Жайық өзені
Володар ауылы
3
340
1000-1200
10,9
35-35
4
Жайық өзені
Дариян ауылы
3
335
1000-1200
10,8
35-35
5
Шаған өзені
Мичурин ауылы
6
310
500-600
11,9
35-35
6
Шаған өзені
Новенький ауылы
2,5
120
500-525
5
35-35
7
Шаған өзені
Достық ауылы
3
151
500-700
6
35-35
8
Шаған өзені
Чувашка ауылы
2,5
156
500-580
6
35-100
9
Шаған өзені
Макаров ауылы
2
110
500-540
4
35-35
Теректі ауданы
1
Жайық өзені
Социализм ауылы
2
250
1000-1180
9,9
35-75
2
Жайық өзені
Ақжайық ауылы
3
210
1000-1060
8
35-100
3
Жайық өзені
Ақсуат ауылы
2
290
1000-1210
9,8
35-75

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
      га - гектар;
      км - километр;
      м - метр.

  2015 жылғы 21 сәуірдегі № 101
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимi

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады