Әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 269 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 шілдеде № 3941 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Чапаев ауылы "Мұнай базасы" аялдамасы – "Жайық" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 67 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары Т. С. Шиниязовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Төреғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Ақжайық аудандық
мәслихатының сессия төрағасы            Б. Кухаев
Мәслихат хатшысы            Д. Жақсыбаев
"8" маусым 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады