Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Жаңабұлақ ауылы және Тасқұдық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 3801 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 26.01.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 19 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Жаңабұлақ ауылы және Тасқұдық қыстағы аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 07.09.2015 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      3. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Қ. Есенгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі С. Сиражев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады