Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 маусымда № 3925 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 14.07.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 2 маусымдағы № 156 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылының аумағына ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н. М. Садыков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қабыршақты ауылдық округі әкімі С. Ж. Алманбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады