Теректі ауданы Богдановка ауылдық округі Придорожный, Сарсенов және Алғабас ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Богдановка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 тамызда № 3972 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Придорожный, Сарсенов және Алғабас ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Богдановка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Богдановка ауылдық округі Придорожный, Сарсенов және Алғабас ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құкықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Богдановка ауылдық округінің әкімі А. Аубакиров

  Богдановка ауылдық
округі әкімінің
2015 жылғы 13 шілдедегі
№ 4 шешіміне
қосымша

Теректі ауданы Богдановка ауылдық округі Придорожный, Сарсенов және
Алғабас ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары

      1. Придорожный ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Шаңырақ" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Бостандық" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Жайық" көшесі.
      2. Сарсенов ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Бірлік" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Береке" көшесі.
      3. Алғабас ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Шаңырақ" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Ақ жол" көшесі;
      "4К" жобалық көшесі – "Бірлік" көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады