Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай селолық округі әкімінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 наурызда № 3829 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі әкімінің 27.03.2015 № 3 шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 91 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің аумағында ірі қара малдар арасынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
      2. Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М. С. Мустафиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын және осы шешімнің орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Р. Мутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады