Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінің Дуана, Сарыөмір, Шалқар ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда № 4008 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Дуана, Сарыөмір, Шалқар ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Шалқар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінің Дуана, Сарыөмір, Шалқар ауылдарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      1) Дуана ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Роза Жаманова" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Жұбан Молдағалиев" көшесі;
      2) Сарыөмір ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Ы. Алтынсарин" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Астана" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "4К" жобалық көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "5К" жобалық көшесі – "Желтоқсан" көшесі;
      3) Шалқар ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Достық" көшесі.
      2. Шалқар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Маулетов Н. С.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шалқар ауылдық округінің әкімі С. А. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады