Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округінің Белогор ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 шілдеде № 3943 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Белогор ауыл халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Белогор ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округінің Белогор ауылының кейбір көше атаулары:
      "60 лет Каз ССР" көшесі – "Достық" көшесі;
      "Советская" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Наурыз" көшесі;
      "Юбилейная" көшесі – "Астана" көшесі;
      "Пионерская" көшесі – "Бөбек" көшесі;
      "Садовая" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Восточная" көшесі – "Жастар" көшесі;
      "Вологодская" көшесі – "Қазақстан" көшесі;
      "Алматинская" көшесі – "Алматы" көшесі;
      "Клубная-Пионерская" көшесі – "Болашақ" көшесі;
      "Абай" көшесі – "Абай Құнанбаев" көшесі;
      "Мухамбетов" көшесі – "Бисенғали Мұхамбетов" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Белогор ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н. Жубаниязова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Белогор ауылдық округі әкімінің м. а Н. Жубаниязова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады