Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индексін құру әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 14663 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индекстерін құру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының 2016 жылғы
9 желтоқсандағы
№ 308 бұйрығымен бекітілген

Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индекстерін құру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға деңгейіне жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың негізгі аспектілері мен әдістерін, қамту мен жіктелім жүйесін, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеуді, салмақтық құрамдас бөліктерді қалыптастыруды және агрегаттаудың түрлі деңгейінде баға индекстерін есептеуді айқындайды.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) және оның аумақтық бөлімшелері ауыл шаруашылығында өсімдік және мал шаруашылығының өткізілген өнімдерінің бағаларына, орман шаруашылығында өңделмеген сүрекке және соған байланысты көрсетілетін қызметтердің бағаларына, балық шаруашылығында балық аулау және балық өсіру өнімдерінің бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде және баға индекстерін құру кезінде қолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Әдістеменің мақсаты өнімге (көрсетілетін қызметке) оларды өткізу кезіндегі бағасының өзгеруінің орташа шамасын өлшеу болып табылады.

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің баға индексі ауылшаруашылық кәсіпорындары және шаруа немесе фермер қожалықтары өндірген және өткізудің әртүрлі арналары арқылы олар өткізген өнім түрлеріне бағаның өзгеруін сипаттайды.

      Орман шаруашылығы өнімдері мен көрсетілетін қызметтеріне баға индексі ағаш дайындайтын ұйымдардың өздері өсірген өңделмеген сүректі өткізу және ағаш дайындаумен байланысты қызметтерді көрсету бағасының өзгеруін сипаттайды.

      Балық аулау және балық өсіру өніміне баға индексі аулау нәтижесінде өндірілген және өткізудің әртүрлі арналары арқылы өткізілген өнімге бағаның өзгеруін сипаттайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индексін құру кезінде өндірілген, өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін ішкі мұқтаждықтарға пайдаланылған өнімнің баға серпіні ескерілмейді.

      Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімін өткізу бағасының өзгеру үрдісі өнеркәсіптік өндірісте (өңдеу өнеркәсібінде) және тұтыну нарығында инфляциялық үдерістердің бастамасы ретінде қаралады.

      6. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индексі:

      1) нақты бағалардан салыстырмалы бағаларға өткен аграрлық сектор өнімінің көлемін қайта бағалау және нақты көлем индекстерін есептеу;

      2) қызметтің осы түрлеріндегі еңбек өнімділігін есептеу және басқа да экономикалық-талдамалық есептеулер;

      3) мемлекеттік органдар мен ғылыми ұйымдар өткізетін экономикалық мониторингілеуді, болжамдауды, салғастыруды жүзеге асыру үшін қолданылады.

      7. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен келесі анықтамалар қолданылады:

      1) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлердегі едәуір ірі жиынтықтарға біріктіру;

      2) агрегатталған баға индексі – жекелеген кіші топ, топ немесе жалпы зерделенетін құбылыс бойынша баға өзгерісін сипаттайтын және бағаның жеке индекстері негізінде қалыптастырылатын салыстырмалы көрсеткіш;

      3) ауылшаруашылығы кәсіпорны – ауылшаруашылығы өнімін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен айналысатын, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;

      4) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;

      5) базалық объект – ондағы бағаларды тіркеу үшін іріктелген объект;

      6) ерекшелік – бағаны тіркеу үшін іріктеліп алынған жеке тауарды (көрсетілетін қызметті) сәйкестендіру үшін пайдаланылатын сипаттама немесе сипаттамалар тізбесі;

      7) жеке (қарапайым) баға индексі – зерделенетін жиынтықтың (нақты тауардың, көрсетілетін қызметтің) бір элементі бағаларының өзгерісі;

      8) жіктелім – қабылданған белгілерге сәйкес ұқсастықтары немесе өзгешеліктері бойынша көптеген объектілерді топтарға бөлу;

      9) қызмет түрi – қызмет түрлері жіктелімінің едәуір ірілендірілген санаттарын сипаттайтын өнімнің (тауарлар және көрсетілетін қызметтердің) біртектес жинағын құру үдерісі. Заңды тұлғаның негізгі қызмет түрі – қосылған құны заңды тұлға жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асып түсетін қызмет түрі. Заңды тұлғаның қосалқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнім (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіру мақсатында негізгі қызметтен басқа жүзеге асырылатын қызмет түрі;

      10) орташа баға – өкіл-тауарлар бағасының жалпыланған шамасы. Орташа баға белгілі бір уақыт кезеңіне, аумақ бойынша, өнімнің түрлері бойынша есептеледі;

      11) өкіл-тауар (көрсетілетін қызмет) – тауар тобындағы тауардың сапасы мен негізгі тұтынушылық қасиетіне әсер етпейтін және тұтынушылық белгісі бойынша болмашы өзгешеліктерімен (бөлшектерімен) ерекшеленетін белгілі тауар (қызмет көрсету) түрлерінің жиынтығы;

      12) өткізу арнасы – байқау үшін іріктеліп алынған, өндірілген өнім (өкіл-тауардың) түртармағының елеулі көлемін тұрақты өткізуді жүзеге асыратын өнім өткізу бағыты;

      13) салмақтау – жиынтық көрсеткіштерді алу үшін индекстік есептеуде қолданылатын және тікелей қосындылауға жатпайтын әртүрлі тауарлардың өлшемдестігін қамтамасыз ететін рәсім;

      14) салмақтау схемасы – стандартты жіктелімге сәйкес агрегаттаудың барлық сатылары бойынша анықталған нақты өнімдер, тауарлар, көрсетілетін қызметтер түрлері салмағының жиынтығы;

      15) іріктеме – статистикалық деректерді жинау және өңдеу кезінде қолданылатын бекітілген жіктеуіштер, номенклатуралар мен анықтамалықтардан алынған жеке айқындамалар.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Қамту және жіктелім жүйесі

      8. Баға индекстерінің қамту саласын және оларды құрауыштарын анықтаудың түпкілікті мақсатымен және негізгі қолдану бағыттарына байланысты. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне баға индекстері үшін экономикалық, географиялық, салалық қамтудың шеңберлері және байқаудың статистикалық бірліктері анықталады.

      9. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне баға индекстерінің экономикалық саласы олар бойынша бағаның өзгеруі бағаланатын жүргізілген операцияларды қамтумен сипатталады. Өнім өндіру және өткізу бойынша операциялардың барлық түрлері нарықтық бағаларда бағаланады және оны одан әрі тұтынуға байланыссыз ішкі нарықта немесе елдің шегінен тыс ескеріледі.

      Осы экономикалық қызмет түрлерін өндірушілердің өнімі өз мақсаты бойынша мына топтарға бөлінеді:

      1) сектор шегінен тысқары өткізілген және экономиканың басқа да секторлары (өнеркәсіптік қайта өңдеу, бөлшек (көтерме) сауда) тұтынушыларының аралық тұтынуы және түпкілікті пайдалануына арналған өнім;

      2) сектор ішінде алмасуға арналған, өндіріс құралы ретіндегі өнім (өсіруге арналған мал төлі, шабақтар, су айдындарын балықтандыруға арналған биылғы төл);

      3) өндірістің өз ішінде пайдалануға арналған өнім (бұзауларға азық ретінде берілетін сүт, егуге арналған тұқымдар мен көшеттер, балық ұрықтанған материал).

      Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы бағасының индексін құру үшін салалық өндірістің бірліктері мен экономиканың басқа да секторлары арасындағы айналымға қатысатын алғашқы екі өнім тобына бағаның өзгеруі ескеріледі. Іріктелген топтар нарық субъектілерін кең қамтуымен ерекшеленеді және ағымдағы зерттелетін кезеңдегі бағалар туралы деректердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

      10. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне бағаларды байқаудан:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы және негізгі табынның мал басын жаңартуға арналған өнім, тәуліктік жас құстар, тұқым және көшеттік өнімдерді (көшеттер) өндіру;

      2) жеке орман қорының орманы табиғи және жасанды жолмен алынған орман шаруашылығының ағаш емес өнімін жинау;

      3) спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын, сондай-ақ ауланған балықты жеке тұтынуға арналған әуесқойлық (спорттық) балық аулау өнімі алынып тасталады.

      11. Географиялық қамту шеңберінде ауыл, орман және шаруашылығы өнімдеріне баға индекстері өңірлер бойынша құрастырылады. Өндірісінің мамандануы мен ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылым көлеміндегі үлесіне тәуелсіз еліміздің барлық өңірлері зерттеледі. Өңірлік баға индекстері ауылшаруашылық нарықтарының ерекшеліктерін ескереді және өнімдердің біртектес түрлерінің бағаларындағы өңіраралық айырмашылықтарды көрсетеді. Базалық объектілерді аумақтық қамту олардың орналасқан жері бойынша тіргелген орнына - облыс, аудан, елді мекеніне қарамастан есепке алуды көздейді.

      12. Салалық қамту шеңберінде келесі экономикалық қызмет түрлері:

      1) өсімдік және мал шаруашылығы, аң аулау және қызмет көрсету;

      2) орман шаруашылығы және ағаш дайындау;

      3) балық аулау және балық өсіру қосылады.

      Өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға индекстерін құру үшін келесі негізгі кластар, өнім түрлері:

      1) маусымдық дақылдар (дәнді, бұршақты, майлы дақылдар, күріш, көкөністер және бақша дақылдары, тамыржемістілер мен түйнекжемістілер, өзге де маусымдық дақылдар);

      2) көпжылдық дақылдар (жүзім, жеміс ағаштары, бұталар);

      3) мал шаруашылығы (жануарлардың негізгі түрлері, шикі сүт, жұмыртқа, жүн, терілер, бал) есепке алынады.

      Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру ашық алаңдарда, парниктерде, оранжереяларда және жылыжайларда өндіруді қамтиды.

      Орман шаруашылығы өнімдері мен көрсетілетін қызметтеріне баға индексін құру үшін келесі негізгі кластар, өнім түрлері:

      1) орман шаруашылығы (ағаш және бұта тұқымдылардың екпелері, көшеттері);

      2) ағаш дайындау (жапырақ тұқымдыларды және қылқан тұқымдыларды аралауға, аршуға және сүргілеуге, қайта өңдеуге арналған өңделмеген кесілген ағаш материалдары, сондай-ақ ағаш отыны);

      3) ағаш дайындау қызметтерін көрсету (орман өсіру, бөренелерді тасымалдау, ағаш құлату, орманды кесу, бұтақтарды шабу, ағаштарды кесу, қабықтардан тазалау) есепке алынады.

      Балық шаруашылығы өніміне баға индексін құру үшін келесі негізгі кластар, өнім түрлері:

      1) балық аулау (ауланған балық және шаянтәрізділер);

      2) балық өсіру (өсірілген балық және шаянтәрізділер) есепке алынады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Статистикалық байқау бірліктері болып табылады:

      1) ауыл шаруашылығы үшін – "Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну" экономикалық қызмет түрімен заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, шаруа немесе фермер қожалықтары;

      2) орман шаруашылығы үшін – "Орман шаруашылығы және ағаш дайындау" экономикалық қызмет түрімен заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

      3) балық шаруашылығы үшін – "Балық аулау және балық өсіру" экономикалық қызмет түрімен заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар, жануарлар дүниесін пайдалануға және балық шаруашылығын жүргізуге рұқсаты болған жағдайда.

      Аталған байқау бірліктері экономикалық қызметтің негізгі немесе қосалқы түрі бойынша есепке алынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өнім түрлерін жіктеу және түртармақтарға бөлу үшін ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің статистикалық жіктеуіші қолданылады.

      Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің белгілі бар сапалық белгілерін және қасиеттерін ескеретін жекелеген түртармақтарын нақтылау үшін өнім түрлерін тәптіштеу пайдаланылады:

      1) дәнді дақылдар кластары бойынша: жоғары кластан бастап құрама жем және жем-азық қоспаларына дейін;

      2) малдар семіздігі бойынша: орташадан жоғары, орташа, орташадан төмен;

      3) шикі сүт майлылығы бойынша: төменнен (2,2 пайыздан) бастап және жоғары (4,2 пайызға) дейін;

      4) жұмыртқа санаттары бойынша: жоғарыдан (ірі) бастап үшінші (ұсақ) санатқа дейін;

      5) елтірі терісі санаты бойынша: жоғары, орта, төмен;

      6) өңделмеген кесілген ағаш материалдары: ағаш түрлері (қарағай, қайың, көктерек және басқа да ағаштар), діңінің диаметрі (ірі, орташа, ұсақ) бойынша;

      7) ағаш отыны: ағаш отынының типі (жасыл орман, өртендер, қуағаш), ағаш түрлері (қарағай, қайың, көктерек, сексеуіл және басқа да ағаштар), пішіндері (метрлік, кесінділер, бұталған) бойынша;

      8) көшеттер: ағаш түрлері (қарағай, қайың, көктерек және басқа да ағаштар) бойынша тамыр жүйесінің жағдайына (топырақ кесегімен немесе онсыз) байланысты;

      9) ауланған тауарлық балық көлемі бойынша: ірі, орташа, ұсақ, іріктелмеген.

      15. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдері статистикалық жіктеуішінің негізінде әзірленген және нақтыланған өнім түрлерінің өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне бағаны статистикалық байқаудың негізі болып табылатын әрбір өңір өндірісінің мамандануын көрсететін өнімдердің өңірлік іріктемелері қалыптастырылады.

3-тарау. Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру

1-параграф. Базалық объектілерді іріктеу

      16. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар базалық объектілердің іріктемелі жиынтығы бойынша жүзеге асырылады. Базалық объектілердің іріктемелі жиынтығы географиялық, салалық қамту және нарық ерекшелігі ескеріле отырып құрастырылады.

      17. Базалық объектілер іріктемесін құру үшін статистикалық ауылшаруашылық тіркелімі және статистикалық бизнес тіркелімі деректер ретінде, сондай-ақ өткізілген өнімнің құны туралы ақпарат ұсынатын ауыл, орман және балық шаруашылығының шаруашылық жүргізуші субъектілерін алғашқы статистикалық зерттеу деректері бас жиынтық болып табылады.

      18. Базалық объектілердің іріктемелері зерттелетін экономикалық қызмет түрінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын жаппай және іріктеп байқау әдістерін құрамдастыру арқылы құрылады. Жұмыспен қамтылғандардың тізімдік санына байланысты кәсіпорынның өлшемділігі негізгі бағалау белгісі болып табылады.

      Ауыл, орман және балық шаруашылығының шаруашылық жүргізуші субъектілері құрылымында шағын кәсіпорындар басым болады, бұл өндірістің бейіні мен мамандануының жиі ауысуымен жүретін бас жиынтықтың қозғалғыштығын негіздейді. Базалық субъектілер санатына түсетін ірі және орта шаруашылық жүргізуші субъектілер жаппай негізде зерттеледі, шағын шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында – іріктеме бас жиынтықтан негізгі өлшемшарт бойынша ең үлкен үлес салмағына ие ең маңызды бірліктерді іріктеуді көздейтін негізгі массив әдісін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Өткізілген (өндірілген) ауылшаруашылық, орман шаруашылығы өнімдері және балық аулау мен балық өсіру өнімдерінің көлемі іріктеудің негізгі өлшемшарты болып табылады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Базалық объектілерді іріктеу кезінде келесі өлшемшарттар ескеріледі:

      1) ауқымдылық: барлық типтегі және түрлі меншік нысандарындағы объектілерді қамту;

      2) географиялық репрезентативтілік: өңір аумағының әртүрлі аудандарында орналасқан объектілердің өкілділігі;

      3) типтілік: осы экономикалық қызмет түріне тән технологиялық үдеріс пен қолданылатын шикізат бойынша тең жұмыс шарттары бар объектілерді есепке алу.

      20. Базалық объектілерді іріктеу үшін ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруа немесе фермер қожалықтары арасында, олардың алдын ала іріктемелі жиынтығы келесі тәртіппен анықталады:

      1) ауыл шаруашылығы өнімін өткізу көлемі туралы есепті жыл алдындағы жылдағы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша өткізілген өнімнің жиынтық құны ірі, орта, шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен және шаруа немесе фермер қожалықтарымен анықталады;

      2) жиынтық құны өңірлер және өнім түрлері бойынша бөлінеді. Жиынтық құн бойынша ауылшаруашылық өнімі жалпы түрлерінің үлесі оларды өңірлер бойынша өткізудің жалпы көлемінен анықталады;

      3) өнім түрі бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді олардың өткізген өнімдер құнының кемуі бойынша орналастыру жүзеге асырылады;

      4) рангілерге бөлу қатарында өткізілген өнім түрлерінің жалпы көлемінен (ең көп құндық деректер) 70 пайызға дейін құрайтын, алдын ала іріктемені құрайтын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа немесе фермер қожалықтары жиынтығы анықталады.

      Базалық объектілердің алдын ала іріктемелі жиынтығы өңірлік деңгейде баға индексін қамтудың репрезентативтілігін қамтамасыз ету мақсатында талданады. Осы ауылшаруашылық өнімінің түрін өндіруді тоқтатқан объектілер (мамандандыруды ауыстыру, тарату) шығарылады және өңірдегі іріктелген ауылшаруашылық өнімінің іріктелген түрлерін өткізетін, бірақ іріктеу кезінде (жаңа өндіріс, мамандандыруды ауыстыру) 70-пайыздық қамтуға түспей қалған басқа да субъектілер қосылады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Орман және балық шаруашылығының шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы базалық объектілердің іріктемесі өңірлік деңгейде, осы Әдістеменің 18 және 19-тармақтарында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырады.

      22. Іріктеме көлемі іріктелген базалық объектілер бағаларды жалпымемлекеттік статистикалық байқау үшін белгіленген өнімдердің негізгі топтарын, кластарын, түрлерін, түрмақтарын барынша ықтимал қамтуды қамтамасыз еткен жағдайда оңтайлы болады.

      23. Жыл сайын базалық объектілердің іріктемелі жиынтығы, оларды қайта ұйымдастырудан және айтарлықтай өнім өндіретін жаңа шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайда болуын ескере отырып жандандырылады.

      Есепті жыл ішінде базалық объектілерді өндіріс түрі бойынша ұқсас объектілерге ауыстыру:

      1) байқалатын кәсіпорынның таратылуы (банкрот болуы);

      2) байқалатын өнім түрінің өндірісі тоқталған және кәсіпорында оның салыстырылатын түрін таңдау мүмкін болмаған;

      3) ауылшаруашылық өндірісі мамандануының ауысуы кезінде жүзеге асырылуы.

      Байқаудан шыққан базалық объектілер келесі өлшемшарттар сақтала отырып басқа объектілерге ауыстырылады:

      1) өндіріс мамандануын, байқалатын өнімдер түрлерінің тізбесін және оны іске асыру жағдайларын сақтау;

      2) қалған кәсіпорындарда қалыптасқан орташа деңгейден байқауға жаңадан енгізілген өнімнің түрлері бойынша баға диапазонының маңызсыз айырмашылығы;

      3) бір меншік нысанын және ұйымдық-құқықтық нысанды сақтау.

2-параграф. Өнім түрлерін және өкіл-тауарларды (көрсетілетін қызметтерді іріктеу)

      24. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне бағаларды жалпымемлекеттік статистикалық байқау нақты іріктелген ерекшеліктерімен өнім түрлерінің (түртармақтарының) және өкіл-тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) іріктемелі жиынтығы бойынша жүзеге асырылады.

      Бағаларды байқау үшін өнім түрлерінің (түртармақтарының) тізбесі нақты бір экономикалық қызмет түріндегі Қазақстан Республикасы өндірісінің мамандануын көрсететін негізгі түрлерін қамтиды.

      25. Өнім түрлерінің (түртармақтарының) тізбесі келесі өлшемшарттарды есепке ала отырып құрылады:

      1) өкілділік: осы өнім түрі (түртармақ) зерттелетін қызмет түрі үшін маңызды мәнге ие және өткізілетін өнімнің жалпы көлемінде едәуір үлес салмақты иеленеді;

      2) өзектілік және тұрақтылық: өнім түрі (түртармағы) әртүрлі нарықтарда сұранысқа ие және оларды ұзақ уақыт бойы базалық кәсіпорындар өткізеді;

      3) репрезентативтілік: іріктелген өнім түріне (түртармағына) баға өзгерісінің серпіні олардың іріктелмеген өнім түріне (түртармағына) қозғалысынан ерекшеленбейді және осы аграрлық нарықта бағалық жағдайды барабар көрсетеді.

      26. Өндірушілердің бағасын тіркеу үшін ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі түрлерінің (түртармақтарының) және өкіл-тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) іріктемесін қалыптастыру екі кезеңде жүзеге асырылады және әрбір кезеңде белгілі бір іріктеу өлшемшарттары қолданылады. Бірінші кезең республикалық, екінші кезең өңірлік деңгейде жүзеге асырылады.

      27. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық тізбесіне өткізу әртүрлі кезеңдерде, Қазақстан Республикасының барлық аумағында өндірілетін:

      1) жыл ішінде үнемі өндірілетін (мал шаруашылығы өнімі);

      2) жылына бірнеше ай өндірілетін, бірақ жыл ішінде өткізілетін (астық және көкөніс дақылдарының жекелеген түрлері);

      3) өндірістің маусымдылығы басым (ашық топырақтағы қызанақтар мен қиярлар, қант қызылшасы, мақта, темекі және маусымдық өнімнің басқа да түрлері) өнім түрлері (түртармақтары) қосылады.

      Балық аулау және балық өсіру өнімінің бағаларын байқау үшін Қазақстан Республикасындағы өндірілетін немесе өсірілетін балықтардың түрлері анықталады. Мұхит және жағалау суларынан аулау нәтижесінде алынған балық түрлері теңіз балықтары ретінде көрсетіледі, ішкі сулардан ауланған балық және шаянтәрізділер, тұщы су балықтары ретінде көрсетіледі.

      Балық аулау және акваөсіру өнімінің бағаларын байқау үшін Қазақстан Республикасындағы өндірілетін немесе өсірілетін балықтардың түрлері анықталады. Мұхит және жағалау суларынан аулау нәтижесінде алынған балық түрлері теңіз балықтары ретінде көрсетіледі, ішкі сулардан ауланған балық және шаянтәрізділер, тұщы су балықтары ретінде көрсетіледі.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Екінші кезеңде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің әрбір түрлері бойынша өңірлік тізбені құру үшін өңір өндірісінің мамандануын көрсететін әрбір түрлері анықталады. Базалық объектілердің қызметкерлерімен бірлесе отырып, нақты өкіл-тауарлар (көрсетілетін қызметтер) таңдалады және сапалық белгілерін көрсететін белгілі бір ерекшелігі жасалады.

      Өкіл-тауарлар (көрсетілетін қызметтер) келесі өлшемшарттарға сәйкес іріктеледі:

      1) өнімнің осы түрін өткізудің жалпы көлемінен 50 пайыздан кем емес және нарықтық сату үшін арналған орынды иеленеді;

      2) тұрақты сапалық параметрлер және өлшем бірліктеріне;

      3) ұзақ уақыт бойы және өткізудің бірдей арнасы бойынша өндіріледі және өткізіледі;

      4) бағалық ақпаратты жинау тұрғысынан алғанда қолжетімді және олардың бағалық өзгеруі осы өнім түрлеріне тән.

      Балық шаруашылығы өнімі түрлерінің өңірлік тізбесін құрастыру кезінде байқауға ағымдағы жылға оларды аулауға арналған лимит шегінде балықтардың нақты түрлері қосылады.

      Өнім түрлері бойынша бағаны тіркеу мақсаттары үшін үштен беске дейін неғұрлым өкілді өнім өкіл-тауар (көрсетілетін қызметтер) түрлері іріктеледі.

      29. Өкіл-тауар түрлерінің бағаларды байқау үшін белгіленген өңірлік тізбесі есепті жыл ішінде өзгеріссіз қалады. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің өңірлік тізбесін қайта қарау жыл басында салмақтау схемасын қалыптастырумен мезгілде жүзеге асырылады.

      Іріктелген өкіл-тауарлар бойынша байқауды жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда егер есепті жыл ішінде өнім түрінің ішінде жаңа өкіл-тауарлар қосылады. Кеткен әрбір түр орнына ерекшеліктері өткізудің ұқсас арнасы бойынша өткізілетін және баға деңгейі бойынша болмашы ерекшеленетін жаңа өкіл-тауарлар қосылады.

4-тарау. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне бағаларды тіркеу

      30. Бағаларды тіркеу базалық объектілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын толтыруы және мемлекеттік статистика органдарына ұсынуы арқылы ай сайынғы (тоқсан сайынғы) негізде жүзеге асырылады.

      Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды толтыру үшін шарттар, төлем талаптары, жөнелтпе құжаттар, шот-фактуралар және өзге де бухгалтерлік есепке алу құжаттары негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Бағалық салыстыру тазалығын қамтамасыз ету үшін бағаларды тіркеу белгілі бір уақыт кезеңінде жүзеге асырылады және ай сайын сақталады. Баға индексін есептеу үшін бағалық ақпаратты жинау кезінде қойылатын басты талап оны жыл ішінде өкіл-тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) сипаттамасы бойынша салыстырмалы бағаларды тіркеу және оны өткізу шарттарының әртүрлілігі болып табылады. Өкіл-тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) салыстырмалылығының негізгі қағидаты олардың бағаларын түсіндіретін белгілер арасында маңызды айырмашылықтың болмауы болып табылады.

      32. Өткізу бағалары, егер олар бір ғана өткізу арнасы бойынша өткізілетін, өзгермейтін сапалық сипаттамалары бар бір өкіл-тауарға (көрсетілетін қызметке) тіркелсе, салыстырмалы болып табылады. Баға ақпаратының уақытқа қатысты салғастырмалылығы мақсатында өкіл-тауар түрін және оны өткізу арнасын ай сайын (тоқсан сайын) ауыстыруға жол берілмейді.

      Алғашқы статистикалық деректердің анықтығын тексеру, оларды нақтылау жүзеге асырылады, бағалық ақпаратқа логикалық және көзбен шолып бақылау жүргізіледі.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Зерттелетін алынған өнім түрлері мен көрсетілетін қызметтеріне бағалардың өзгеруі кезінде олардың өзгеруінің себептері көрсетіледі. Кейбір жағдайда алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін жалпымемлекеттік статистикалық байқаумен қатар респондент қосымша ақпарат ұсынады: шарттар, төлем талаптары, тіркеме қағаздар, шот-фактуралар және бухгалтерлік есепке алудың өзге де құжаттары.

1-параграф. Ауыл шаруашылығы

      34. Бағалар өткізілген ауылшаруашылық өніміне қосылған құн салығынсыз, сондай-ақ өнімдерді тасымалдау, экспедициялау, тиеу және түсіру шығындарын ескерусіз тіркеледі.

      35. Тауардың әрбір түрі бойынша бағаны тіркеу үшін жыл бойы жеткізу көлемдері едәуір тұрақты өткізу арналары іріктеледі.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Нақты баға деңгейін төмендетуді және олардың өзгеру үрдісінің бұрмалануын болдырмау мақсатында:

      1) қолма-қол (ақшалай) есеп айырысумен жүрмейтін және өзара айырбас кезінде заттай нысанда сыйақыға жүзеге асырылатын баспа-бас айырбас мәмілесіне;

      2) есеп айырысу бөліп төлеумен жүзеге асырылатын өнімді несиемен жеткізуге;

      3) өзінің қызметкерлеріне жалақы есебінде берілген ауыл шаруашылығы өніміне бағаларды тіркеуге жатпайды.

      37. Есепті жыл ішінде ерте пісетін көкөністер мен жемістердің алғашқы сатылымының, сапасы бойынша ауытқуы бар, ауылшаруашылық өнімінің (қалдықтарын) сатып бітіру бағасы және ең жоғары және кездейсоқ (бір реттік) мәмілелер кезінде белгіленген қолдан төмендетілген демпингті бағалар енгізілмейді.

2-параграф. Орман шаруашылығы

      38. Баға өндірушіден сатып алушыға дейін өнім қозғалысымен байланысты қосылған құн салығын және акциздерді, сауда және өткізу үстемеақысын, көлік және басқа да шығындарды есепке алусыз тіркеледі.

      Орта есеппен тоқсанда өткізілген өкіл-тауарларға (көрсетілетін қызметтер) бағалар тіркеледі.

      39. Орман шаруашылығы өніміне баға деңгейі сұраныс пен ұсыныстың қатынасына байланысты болады және сүректі дайындаумен байланысты барлық нақты шығындарды қамтиды. Кесілген ағаш материалдарына бағаның негізгі элементі оны дайындауға "Салық және бюждетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 587-бабына сәйкес мөлшерлемелер бойынша бюджетке төлемдер болып табылады. Түбірімен босатылатын сүрекке төлем мөлшерлемелерінің көлемі ағаштардың тұқымдары және жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметрі бойынша сараланған, жыл ішінде оларға жоғарылату және төмендету коэффициенттері қолданылады.

      Өткізу бағасының құрамына ағашты құлату, оны кесінділерге сұрыптап бөлу, орман ішінде ағаш кесу үлескесінің шегінде орналасқан, жоғары қоймаға дейін тасымалдау және оның ішінде қоймалау бойынша ағаш дайындайтын ұйымдардың нақты шығындары енгізіледі.

      Елді мекенде орналасқан немесе тура тұтынушыға дейін тасымалдау шығындары ағаш материалдарды жоғары қоймадан төменгі қоймаға дейін тасымалдау бағасын тіркеу кезінде енгізілмейді.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Орман шаруашылығы өніміне баға индексін құрудың нақтылығын қамтамасыз ету үшін олардың серпінін байқау жыл ішінде бірдей өткізу шарттарына жүргізіледі.

      Орман шаруашылығы өнімінің баға құрамына тіркеу кезінде:

      1) тапсырысты жеке (немесе біржақты) орындау үшін;

      2) өндірілген өнім сапасын арттыруға;

      3) маусымдық өнімге ынталандыратын жеңілдіктер және үстемелер енгізілмейді.

3-параграф. Балық шаруашылығы

      41. Балық аулау және балық өсіру өнімдерінің нақты түріне тұтынушының өндірушіге төлеген нарықтық бағасы тіркеледі. Баға қосылған құн салығынсыз және өнімді тасымалдау, экспедициялау, тиеу және түсіру бойынша шығыстарды есепке алусыз тіркеледі.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Балық аулау өніміне тараптарға өткізуге арналған ауланған тауарлық балықтың бір тоннасының бағасы тіркеледі. Жаңа ауланған балықтарды аулау маусымдық сипатқа ие болғандықтан, аулау болмайтын кезеңде балық шаруашылығы ұйымдарының тоңазытқыш қоймаларында сақтаулы мұздатылған балықтың бағасы тіркеледі, жон еті алынған (жон етіне бөліктелген) балықтар қосылмайды.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Балықтың нақты түрі бойынша баға жыл ішіндегі жеткізу көлемдері едәуір тұрақты өткізу арналары арқылы тіркеледі. Тауардың әрбір түрі бойынша бағаны тіркеу үшін өткізу арналары іріктеледі олар бойынша өнімді өткізу тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Байқалатын өнім түрлерінің сапалық сипаттамасының өзгеруі кезіндегі бағаны түзету әдістері

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің жекелеген бір түрінің бағасының өзгеруі инфляциялық сипатқа ғана емес, олардың белгілі бір сапалық сипаттамаларының өзгеруіне де қатысты.

      Өнімдерге бағаларды байқау нақты сапалық сипаттамалар:

      1) дәнді дақылдар үшін – кластар;

      2) мал үшін – қоңдылығы;

      3) сүт үшін – майлылық пайызы;

      4) жұмыртқа үшін – санаты;

      5) өңделмеген сүрек үшін – ағаш тұқымдары;

      6) ауланған балық үшін – мөлшерлері бойынша жүзеге асырылады.

      Сипаттамалар жиынтығы ағымдағы есепті жыл ішінде өзгеріссіз қалады және бағалық бағалаудың "тазалығын" сақтауға және тек бағалық өзгерісті көрсетуге мүмкіндік береді.

      Өткен кезеңмен келісушілікті қамтамасыз ету және бағаның таза өзгерісін алу үшін тіркелген деректерге тиісті түзетулер енгізіледі. Сапаға бағаны түзету үшін:

      1) "бағаларды тікелей салғастыру" әдісі;

      2) "бағаны келесі кезеңге ауыстыру" әдісі;

      3) "жалпы орташа шаманы шартты есептеу" әдісі қолданылады.

      45. Ауыстырылатын және алмастырылатын өнімдер баламалы болған кезде "бағаларды тікелей салғастыру" әдісі қолдану үшін ең қарапайым әдіс болып табылады. Екі кезең арасындағы бағаның кез келген өзгерісі индексте көрсетіледі. Өнімнің бағасында аз ғана айырмашылық болған жағдайға және жыл ішінде бір ғана өндірушінің өнім түрлерінің сипаттамаларында болмашы өзгерістер болған жағдайда әдісті қолдануға болады.

      46. "Бағаны келесі кезеңге ауыстыру" әдісінде өткен кезеңдегі тіркеу бағаларын пайдалану жүзеге асырылады. Әдіс өткізілуі қысқа уақыт болмайтын және бағаның өзгеріссіз қалатынын немесе шамалы ғана өзгеретінін болжауға негіз болатын өнімдер үшін, сондай-ақ жылыжайда өсірілгендерден басқа, өндіру жүзеге асырылмайтын айлардағы маусымдық өнімдерге қолданылады. "Бағаны келесі кезеңге ауыстыру" әдісін қолдана отырып өнім түрінің орташа бағасын есептеу мысалы осы Әдістеменің Қосымшасында келтірілген.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Статистикалық тәжірибеде сапасының қатты өзгергені көрінетін немесе жоғалып кеткен өнімдер үшін "шартты бағаларды" қолдануды көздейтін жалпы орташа шаманы шартты есептеу әдісі бар. Өндірістің маусымдылығына (өнім өндірді және бір мезгілде өткізді, егіннің бүлінуі, объектінің жойылуы) қатыссыз себептерге байланысты бір немесе бірнеше базалық объектілер бойынша өнімдерді өткізу болмаған жағдайда "шартты" баға іріктемеге қосылған басқа да базалық объектілердегі бағаның өзгеру үрдісіне сүйене отырып есептеледі.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Индекс салмағы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасының индексін құрудың алдындағы кезеңдердің бірі салмақтау жүйесін таңдау болып табылады. Баға индексінің салмақтары – индексті қалыптастыруға қатысатын шамалар, олардың көмегімен:

      1) бақыланатын құбылыстың жалпы жиынтығындағы әрбір элементтің мәні сипатталады;

      2) бастапқыда өлшемдес емес алғашқы элементтер өлшемдес түрге келтіріледі;

      3) қолданылатын жіктелімнің барлық сатылары бойынша элементтерді жүйелі түрде агрегаттау (біріктіру) жүзеге асырылады және зерделенетін құбылыс бағасы өзгеруінің жалпы мәні табылады.

      Салмақтау схемасын пайдалану арқылы өкіл-тауарлар, өнімнің түрлері бойынша орташа бағалар және агрегатталған баға индекстері өңір және Қазақстан Республикасы бойынша есептеледі.

      49. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне баға индексі үшін салмақтау схемасын қалыптастыру белгілі бір базалық кезеңде сатылған өнімнің құны туралы жылдық деректер негізінде жүзеге асырылады. Салмақтау схемасы орталықтандырыла отырып әрбір өңір бойынша жеке және Қазақстан Республикасы бойынша тұтастай қалыптастырылады.

1-параграф. Ауыл шаруашылығы

      50. Ауыл шаруашылығы өніміне орташа бағаны және өткізу бағасының индекстерін есептеу үшін салмақтау схемасын қалыптастыру барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша өткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің құны туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректерінің негізінде жүзеге асырылады.

      51. Салмақтау схемасын қалыптастыру үшін егіннің шықпауы, табиғат-климат жағдайларына, банкрот, ауылшаруашылық кәсіпорындары мамандануының ауысуы, ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныстың өзгеруі себептеріне байланысты өнімді өндіру және өткізу құрылымында ауытқуды болдырмау мақсатында есепті кезеңнің алдында өткен үш жылдың құндық деректері қолданылады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің баға индексін құру кезінде салмақ рәсіміне арналған екі әдіс бар:

      1) "тұрақты салмақтар" әдісі кезінде ауыл шаруашылығы өнімінің барлық түрлері үшін маусымдылыққа қатыссыз оларды өндіру мен өткізуде жылдың барлық айларына бiрдей салмақ белгіленеді;

      2) "ауыспалы салмақтар" әдiсi кезінде әртүрлi айларда маусымдық өнiмге жыл ішінде оны өткізу көлемдерiне сәйкес ауыспалы (жылжымалы) салмақ беріледі.

      "Тұрақты салмақтар" әдісін пайдаланған кезде салмақтау схемасын қалыптастыру рәсімі осы Әдістеменің 51-тармағындағы сипаттамаға сәйкес келеді.

      "Ауыспалы салмақтар" әдісін пайдалану кезінде өндірушілердің ауыл шаруашылығы өніміне баға индексінде ескерілетін маусымдық өнімдер қосымша анықталады және олар бойынша белгілі бар базистік жыл ішінде өткізу көлемдерінің ай сайынғы ауытқулары анықталады.

      53. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің баға индексінде ескерілетін негізгі маусымдық өнімдер қияр, қызанақ, жылыжайларда және ашық топырақта кезек-кезек өсірілетіндер, баялды, бұрыштар, бақша дақылдары, қант қызылшасы, жүзім, шекілдеуікті жемістер, сүйекті жемістер, жидекті жемістер болып табылады.

      Маусымдық өнімдер үшін ауыспалы айлық салмақтарды анықтау орташа жылдық көлемде қалыптасқан есептік ай сайынғы өткізу көлемдерінің құрылымын бөлу негізінде жүргізіледі. Әрбір маусымдық өнім бойынша өткізудің әрбір айының үлесі базистік жыл ішіндегі оларды өткізу құнын талдау деректері бойынша табылады. Айлық салмақты алу өнімнің жылдық орташа салмағын тиісті айдың үлесіне көбейту жолымен жүргізіледі.

      "Ауыспалы салмақтар" әдісі кезінде жылдық салмақтар жыл сайын өзгереді, бірақ өткізудің әрбір айы үлесінің құрылымы баға индексін есептеудің келесі базистік жылына ауысқанға дейін (бес жылда бір рет қайта қаралады) тұрақты болып қалады. Мұндай тәсіл әртүрлі өнімдердің салыстырмалы бағаларындағы өзгерістерді көрсете отырып айлық себеттердегі өнімдердің салыстырмалы маңызды жылдан жылға өзгеретінін болжайды.

      Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Орман шаруашылығы

      54. Орман шаруашылығы өніміне баға индексінің салмақтық құрылымы белгілі бір жылы қолданыстағы бағалармен өткізілген өңделмеген сүрек пен орман шаруашылығының көрсетілген қызметтерінің құнын білдіреді.

      Салмақтау схемасын қалыптастыру үшін құндық деректер:

      1) сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу туралы жылдық зерттеу;

      2) орман шаруашылығына байланысты қызмет көрсететін дайындау кәсіпорындары мен ұйымдарына арнайы пікіртерім ақпарат көзі болып табылады.

      Орман шаруашылығындағы баға индексі үшін салмақтарды қалыптастыру өңделмеген сүректің әртүрлі түрлері арасында ағаш түрлері бойынша, сонымен қатар орман шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет түрлері арасында нақтылай отырып өнім құнын бөлуге негізделген.

      55. Қалыптастырылған салмақтау схемасы кәсіпорындар өндіретін орман шаруашылығы өнімдерінің сандық және бағалық өзгерістеріне сәйкес жыл сайын қайта қаралады.

      Баға индекстерін есептеу үшін жаңа салмаққа көшу кезінде баға индекстері серпінділік қатарларының үздіксіздік қағидаты сақталады. Оған баға индекстерінің бұрыннан бар серпінділік қатарлары мен осы салмақтарды қолдана отырып есептелген индекстерді үйлестіру әдісі қолданылады. Салмақтарды қайта қарағаннан кейін баға индекстерін үйлестіру баға индекстері серпінінің екі немесе бірнеше қатарларын бір қатарға (едәуір ұзын) біріктіруді қамтамасыз ететін серпінділік қатарларын қабыстыру рәсімдерінің көмегімен жүзеге асырылады.

      Өтпелі кезеңде жаңа және ескі салмақтар бойынша баға индекстері есептеледі және ескі салмақ бойынша есептелген баға индексі жаңа салмақ бойынша есептелген индекске қатынасы ретінде тіркеу коэффициенті табылады. Алынған тіркеу коэффициентіне өтпелі кезеңде алынған баға индекстері көбейтіледі.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Балық шаруашылығы

      56. Ауыл шаруашылығы сияқты балық шаруашылығына да өнімді өткізу құрылымы салалық өңірішілік мамандануына және өндірістің табиғи-климаттық өзгешіліктеріне қарай оның жылдық өзгерісіне елеулі тәуелділік тән. Салмақтау схемасын қалыптастыру кезінде белгілі бір едәуір қолайлы базалық жылғы құндық деректер немесе есепті кезеңнің алдындағы үш жылдың орташа шамасы пайдаланылады. Бұл жекелеген жылдарда өндірісте өнімнің негізгі түрлері арасындағы құрылымдық қозғалысты нивелирлеу үшін белгілі бір деректерді орташалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      57. Салмақтау схемасын құру байқауға енгізілген өткізілген балық түрлері бойынша құндық шамаларды бөлуге негізделген. Экономикалық мәні бойынша салмақтау схемасы баланстық кестені білдіреді, мұнда өнімнің жекелеген түрі бойынша қолданылатын құн балық аулау, балық өсірудің өңірлік мамандануында және аталған өнімді өткізудің жалпыреспубликалық көлемінде де оның маңыздылығын көрсетеді. Қалыптастырылған салмақтау схемасын пайдалана отырып Қазақстан Республикасы бойынша балық өнімдерінің нақты түрлері бойынша орташа бағалар, өңірлер мен ел бойынша жеке және біріктірілген индекстер есептеледі.

      58. Құрылған салмақтау схемасы бірнеше жылдар бойы пайдаланылады. Жыл сайын, бір мезгілде балық аулау және балық өсіру өнімдерінің өңірлік тізбесінің өзгеруімен, қалыптастырылған салмақтау схемасына тиісті түзетулер жүзеге асырылады. Салмақтау деректерін өзгерту (жою және енгізу) өңірлерде өнімді өткізу көлемінің арасалмағында болған өзгерістерді есепке алады. Құндық деректерді толық ауыстыру осы уақытта және базалық кезеңде балық аулау және балық өсіру өнімдерін өткізуден түскен табыстардың айтарлықтай құрылымдық сәйкессіздігі кезінде, сонымен қатар жаңа базалық кезеңге өту мен бағалық бақылау (бес жылда бір рет) үшін айқындалған өнім түрлерін тиісінше қайта қарау (кеңейту) кезінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Орташа бағаларды және бағалар индексін есептеу

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Өндірушілердің ауыл, орман және шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінің (өкіл-тауарлар), сонымен қатар өңірлер бөлінісі мен Қазақстан Республикасы бойынша тұтастай алғандағы агрегатталған және жалпы баға индекстерiн есептеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

      1-кезең – өңір және Қазақстан Республикасы бойынша өнім түрлері мен өкіл-тауарлар (көрсетілетін қызметтер) бойынша орташа бағаларды анықтау;

      2-кезең – өңір және Қазақстан Республикасы бойынша өткен айға қатысты алғанда есепті кезеңдегі өкіл-тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) жеке баға индекстерін анықтау;

      3-кезең – агрегаттаудың әрбір сатысы бойынша өткен айға қатысты алғанда есепті кезеңнің агрегатталған баға индекстерін анықтау;

      4-кезең – қалған барлық салыстыру кезеңдеріне (өткен жылғы желтоқсанға, өткен жылғы тиісті айға, тоқсанға, өткен жылғы кезеңге) қатысты алғанда есепті кезеңдегі жеке және агрегатталған баға индекстерін анықтау.

      60. Өңір бойынша жекелеген позициялардың орташа бағасы өкіл-тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) орташа бағаларынан орташа геометриялық шама ретінде анықталады:



      мұндағы:


– n кезеңіндегі j өнімінің түрі бойынша орташа баға;

      p1, p2, pk – n кезеңіндегі j өнімі түрі өкіл-тауарларының бағалары;

      k – өкіл-тауарлар саны.

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің орташа бағасын есептеу кезінде облыс бойынша жекелеген позициялар бойынша орташа баға аудандар бойынша орташа салмақталған орташа бағалардан есептеледі.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Егер зерделенетін құбылыстың барлық жиынтығының баға деңгейін көрсететін өңірлер бойынша есептелген орташа бағалар есепті кезеңде есеп тапсырған кемінде әртүрлі үш базалық объектінің бағаларынан қалыптастырылса, олар репрезентативті болып табылмайды.

      Өңір бойынша өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің орташа бағалары есепті кезеңде жарияланбайды, бірақ Қазақстан Республикасы бойынша орташа бағаны бұдан әрі есептеу үшін қолданылады.

      62. Қазақстан Республикасы бойынша жекелеген айқындамалар бойынша орташа бағаны есептеу өңірлердің орташа бағалары мен салмақтары (өнім өткізу туралы құндық деректер) негізінде формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұндағы:


- j айқындамасы бойынша республика бойынша орташа баға;

- j айқындамасы бойынша өңірдің орташа бағасы;

- j айқындамасы бойынша базистік салмақ (құн).

      63. Өкіл-тауар бойынша баға индексі ағымдағы және өткен кезеңде өнімнің әрбір түрінің нақты бағасын салыстырудың қарапайым салыстырмалы шамасы болып табылады:



      мұндағы:

      Ini – өкіл-тауар бойынша баға индексі;

      Pni – ni есепті кезеңіндегі өкіл-тауардың бағасы;

      P(n-1)i – (n-1)i өткен кезеңіндегі өкіл-тауардың бағасы.

      Өңір бойынша өнімдер бойынша баға индексі екі кезеңдегі салмақталмаған орташа геометриялық бағаның арақатынасы ретінде Джевонс формуласымен есептеледі:



      мұндағы:

      Ij – өңір бойынша өнім бойынша баға индексі;

      n, n-1 – тиісінше салыстырудың есепті және өткен кезеңдері;

      pn, pn-1 – сәйкес кезеңге өнім бірлігінің бағасы;

      j – салмағы бар және бірнеше нақты өкіл тауарларды (бірден k-ға дейін) біріктіретін өнім түрі;

      k – өнім түрін анықтайтын өкіл тауарлар саны.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне баға индекстерін құрудың барлық келесі сатыларында агрегатталған индекстер қолданылады.

      Топтар, ішкі кластар, кластардың және одан жоғары агрегация бойынша ұлттық деңгейдегі агрегатталған баға индекстері Ласпейрестің түрлендiрiлген формуласы бойынша жеке баға индекстерінің орташа салмақталған мәндері ретінде есептеледі. Баға өзгерісі бағаларды жүйелі байқау негізінде есептеледі. Әрбір уақыт кезеңінде базистік салмақтауыштар баға индексінің соңғы мәніне көбейтіледі:





      мұндағы:


кезеңімен салыстырғандағы n кезеңі үшін баға индексі;

кезеңінің n-1 кезеңіне өнім түрі бойынша бағаның жеке индекстері;

– салмақ (салмақтау схемасын құру үшін негіз ретінде пайдаланылатын базистік кезең бағаларындағы өнімдердің құны);

салмақ (есепті кезеңдегі өткізілген өнімнің құны);

– өткен кезеңге өнім түрі бойынша бағаның жеке индекстерінің көбейтіндісі.

      65. Өткен жылғы желтоқсанға (төртінші тоқсанға) баға индексi есепті кезеңнің баға индексiн алдыңғы жылдың желтоқсанына (төртінші тоқсанына) өткен кезеңнің баға индексiне көбейту арқылы анықталады:



      мұндағы:

      Iid – есепті n айдың өткен жылғы желтоқсанға (төртінші тоқсанға) баға индексі;

      Ini – есепті n айдың өткен n-1 айға баға индексі;

      I(n-1)id – өткен n-1 айдың өткен жылғы желтоқсанға (төртінші тоқсанға) баға индексі.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. База ретінде есептеуді белгіленген бастау нүктесі немесе базалық кезеңі бар тізбелі серпінді қатарды құру үшін бірқатар жылдардағы айлық (тоқсандық) баға индекстерін өзара байланыстыруды (тіркеме) көздейтін, өткен жылғы тиісті кезеңге (ай, тоқсан, өсу қорытындысымен кезең) баға индекстерін қалыптастыру "базистік" әдіспен жүргізіледі.

      67. Есепті жылғы бағаның айлық (тоқсандық) индексін өткен жылғы тиісті айға (тоқсанға) есептеу индекстік қатардағы есепті жылғы бағаның айлық (тоқсандық) индексін өткен жылғы индекстік қатардағы бағалар индексіне бөлу арқылы жүзеге асырылады:



      мұндағы:

      Ipt – n есепті жылғы t айының (тоқсанының) баға индексі өткен жылғы (n-1) тиісті айға (тоқсанға);

      Iptn – индекстік қатардағы n есепті жылғы t айының (тоқсанының) баға индексі;

      Ipt(n-1) – индекстік қатардағы (n-1) өткен жылғы t айының (тоқсанының) баға индексі.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Өсімді қорытындымен бағалар индексі өткен жылғы тиісті кезеңге индекстік қатардағы салыстырмалы кезеңнің бағалар индексінің айлық (тоқсандық) сомасын өткен жылғы ұқсас айлық (тоқсандық) қатардағы бағалар индексіне бөлу арқалы анықталады:



      мұндағы:


– ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсандағы бағалар индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;

n есепті жылғы индекстер қатарындағы қаңтар, ақпан,..., желтоқсандағы бағалар индексі;

өткен жылғы индекстер қатарындағы қаңтар, ақпан,..., желтоқсандағы бағалар индексі.

      Есепті жылғы тоқсан, жартыжыл және тоғыз айдың бағалар индексі өткен жылғы тиісті кезеңге осыған ұқсас есептеледі.

      69. Өткен тоқсанға бір тоқсандағы бағалар индексі бақыланатын кезеңге кіретін индекстік қатардағы бағалардың айлық индексі сомасының өткен кезеңдегі бағалардың айлық индексінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.



      мұндағы:

     

– II тоқсандағы бағалар индексі I тоқсанға;

– индекстік қатардың n есепті жылғы қаңтар, ақпан, наурыздағы бағалар индексі;

– индекстік қатардың n есепті жылғы сәуір, мамыр, маусымдағы бағалар индексі.

8-тарау. Ауылшаруашылығы өндірушілері сатып алған өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге баға индексін құру

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Саланы шығарылым тарапынан сипаттайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің баға индексіне қосымша саланы шығындар тарапынан сипаттайтын ауылшаруашылығы өндірушілері сатып алған өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге баға индексі (бұдан әрі – сатып алудың баға индексі) есептеледі.

      Ауыл шаруашылығы өндірушілері өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар мен көрсетілетін қызметтердің баға қозғалысына сатып алудың баға индексі баға береді. Ол өндірушілердің баға индексімен жиынтығында ауыл шаруашылығы секторына жан-жақты сипаттаманы қамтамасыз етеді және:

      1) саладағы баға қозғалысының заңдылықтары мен әртүрлі факторлардың баға серпініне және деңгейіне әсерлерін;

      2) сатып алынатын материалдар мен өндірістік сипатта көрсетілетін қызметтердің салдарынан өндіріс шығындарының өзгеру шамаларын;

      3) саланың және экономиканың әзге де сегменттері өнімдеріне бағаның тепе-тең арасалмағын;

      4) тұтастай алғанда ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін және табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.

      71. Сатып алудың баға индексі үшін өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізбесін қалыптастыру орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады. Айқындамалар тізбесі ауылшаруашылық өндірісіне жұмсалған шығындардың негізгі баптарын сипаттайтын және ауылшаруашылығы өндірушілерінің негізгі және айналымдық өндірістік қорларын қалыптастыратын өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлерінің барлық өңірлер үшін репрезентативті іріктемесін қамтиды. Бақылауға кірген шығыстардың барлық баптары тұтынушылық қасиеттері мен мақсаты бойынша өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлері бойынша топтастырылған.

      "Өнеркәсіптік өнім" топтамасындағы сатып алудың баға индексіне ауыл шаруашылығы өндірістік-техникалық әлеует ретінде қолданатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімдері қосылады. Неғұрлым жиі сатып алынатын ауылшаруашылық техникасының, олардың қосалқы бөлшектері, энергия ресурстары, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары, ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемшөп, құрылыс материалдары және өнеркәсіптік өнімдердің басқа да түрлері бойынша негізгі топтары іріктеп алынған.

      "Көрсетілген қызметтер" топтамасындағы сатып алудың баға индексі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бөгде ұйымдар көрсететін өндірістік мақсаттағы қызметтер: агрохимиялық және мелиоративтік қызмет көрсетулер бойынша қызмет көрсетулер, ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, байланыс және ауыл шаруашылығы өндірушілері сатып алатын өзге де қызмет түрлері кіреді.

      "Ауыл шаруашылығы өнімдері" топтамасындағы сатып алудың баға индексіне ауылшаруашылығы өндірушілері өндірістік цикл және ауыл шаруашылығы жануарларын жаңарту бойынша пайдаланылатын тұқымдық және отырғызу материалы, мал мен құс, жемшөп қосылады.

      72. Салмақтау схемасын қалыптастыру үшін сатып алудың баға индексін құру кезінде ауылшаруашылығы өндірушілерінің базистік ретінде таңдап алынған өндіріс құралдары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шығыстары туралы үш жылғы деректер қолданылады. Өнімдерді (көрсетілген қызметтерді) сатып алу туралы орташаландырылған деректерді қолдану шығындардың жекелеген баптары бойынша сатып алулар тұрақсыздығының себебінен болатын құрылымдық өзгерістерді нивелирлеуге мүмкіндік береді.

      Белгілі бір базалық жылда ауылшаруашылығы өндірушілері сатып алған ресурстар мен көрсетілген қызметтердің ауылшаруашылығының жалпы көлемінде өнімінің сол немесе өзге де түрінің үлес салмағын табады. Сатып алудың баға индексін құру үшін салмақтау схемасын қалыптастыру орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады, ол республикалық және өңірлік деңгейлерде сатып алудың баға индексін құру үшін бірыңғай болып табылады және ұзақ уақыт кезеңі ішінде қолданылады.

      73. "Өнеркәсіптік өнім" және "ауыл шаруашылығы өнімі" топтары үшін бағалық бағалауда сатып алудың баға индексін құру кезінде экономикалық қызметтің басқа да түрлеріндегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар нәтижесінде алынған баға өзгерісі туралы қолда бар ресми статистикалық ақпарат қолданылады.

      Бағалардың өзгеруі туралы статистикалық ақпараттың келесі ағындары:

      1) өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың олардың тиісті түрлеріне баға индекстері;

      2) өнеркәсіп өнімдерінің импорттық жеткізілімдерінің баға индекстері;

      3) өнеркәсіп, байланыс және басқаларда өндірістік мақсатта көрсетілетін қызметтерге баға индекстері (тарифтері);

      4) ауыл шаруашылығы өнімдерін олардың тиісті түрлері бойынша өткізудің баға индекстері қолданылады.

      "Көрсетілетін қызметтер" топтамасы бойынша сатып алудың баға индексін есептеу үшін ауыл шаруашылығына көрсетілетін қызметтердің бағаларын тоқсан сайынғы статистикалық бақылау шеңберінде алғашқы статистикалық деректер жиналады.

1-параграф. Ауылшаруашылығы өндірушілері сатып алған көрсетілген қызметтерге бағаны тіркеу

      74. Бақылауға ауылшаруашылығы өндірушінің бөгде ұйымдардан сатып алған немесе ауылшаруашылығы өндірушінің өздері басқа тарапқа көрсететін қызметтері қосылады.

      Зерттеу үшін өндірістік сипаттағы қызмет тізбесін қалыптастыру орталықтандырылған тәртіпте жүзеге асырылады. Ауылшаруашылығы өнімін өндіру кезінде ауылшаруашылығы өндірушілеріне қажетті қызмет түрлерінің іріктемесі барлық өңірлер үшін бірдей анықталады.

      Сатып алынған көрсетілген қызметтерге бағаларды тіркеу өндірушілердің бағалары туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізінде тоқсан сайын жүзеге асырылады.

      75. Қызметтер бағалары қосымша құн салығын есепке ала отырып берілген өлшем бірлігінде көрсетіледі, бірақ оларды орындау кезінде қолданылатын материалдар құны есепке алынбайды. Жануарларды вакцинациялау бағаларына ветеринария саласында пайдаланылатын ветеринариялық дәрі-дәрмектің немесе дәрілік құралдар құнына байланысты ветеринарлық қызметтер қосылмайды.

      76. "Ветеринариялық қызметтер" айқындамасы бойынша бір жануарды ветеринариялық қарау немесе оның вакцинациясының (туберкулез, бруцеллез және басқалар) бағасы тіркеледі.

      "Жерлерді суару бойынша қызметтер" айқындамасы бойынша суару көздеріне байланысты тұрақты немесе уақытша суландыру желілерін дайындау бойынша жұмыстар ескеріледі: арналарды немесе құбыржолдарды төсеу, өсімдіктерді суару үшін науаларды немесе басқа да қондырғыларды орнату жатады.

      "Ауыл шаруашылығы машиналарын жалға беру бойынша қызметтер" айқындамасы бойынша есепті тоқсанда жалға алынған техникаларға төлем жасау шығындарын көрсетеді. Уақыт кезеңінде салыстырмалы бағалық ақпаратты алу үшін тракторлар мен комбайндарды жалға алудың көрсетілетін қызметінің бағасы бір гектарға есептеумен көрсетіледі, жүк автомобильдері бойынша бір километрге тасымалданған жүктің бір тоннасына есептеу арқылы көрсетіледі.

      "Ауыл шаруашылығы үшін жабдықтары жалға беру бойынша қызметтер" айқындамасы бойынша есепті тоқсанның бір айына есептегенде жабдықтың бір бірлігіне жалға алынған жабдыққа төлем шығынын көрсетеді.

9-тарау. Қалалар мен аудандардағы базарларда ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің бағаларын бақылау

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарындағы базарларда өткізілген ауыл шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеу өнімдеріне бағаларды тіркеу бағаларды бақылаудың жалпымемлекеттік статистикалық негізінде ай сайын жүргізіледі.

      78. Бағалық байқау жүзеге асыру үшін базарларды іріктеу мыналарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

      1) аудан орталықтарында және облыстық маңызы бар қалаларда тікелей орналасқан базарлар іріктеледі. Осындайлар болмаған кезде өңірдің басқа елді мекендерінде жұмыс істейтін базарлар қосылады;

      2) егер өңірде екі немесе одан да көп тұрақты жұмыс істейтін базарлар болса, байқауға ең көп сатылымы бар базарды, сонымен қатар мамандандырылған тірі мал базары қосылады;

      3) өңірде тұрақты жұмыс істейтін базарлар болмаған жағдайда, ауық-ауық "заңсыз" пайда болатын базарлар олардың жұмыс істеген кезеңдерінде кезең-кезеңмен қосылады.

      79. Ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің баға деңгейін байқау республикалық деңгейде іріктелген өнімдерге, тауарларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Өңірлік деңгейде өнімнің, тауардың әрбір түрі бойынша салықтарды қоса алғанда сату күндеріндегі бағалар тіркеледі. Егер тірі малдың, құстың және ауыл шаруашылығы өнімінің басқа да түрлерінің мамандандырылған базарлары демалыс күндері жұмыс істейтін болса, онда бұл күндері де бағаларды тіркеу көзделеді. Бағаларды мемлекеттік статистиканың аумақтық бөлімшелерінің бағаны жинауға жауапты тиісті лауазымды адамдары базарларға бару арқылы тіркейді. Базарда ауыл шаруашылығы өнімінің түрі болмаған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе интернет-ресурстарда орналастырылатын хабарландырулардан бағалар тіркеледі. Іріктеліп алынған өнімнің нақты түрі бойынша алдағы кезеңдерде бағаларды тіркеу үшін бағдар болатын айқын сипаттама көрсетіледі: тірі мал үшін – жасы, тұқымы, қоңдылығы, көкөністер мен жемістер үшін – сапасы, сұрыпы.

      Өнім сапасының есебінен бағалардағы ауытқу тіркеу кезінде есепке алынбайды.

      Ескерту. 79-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Баға:

      1) әртүрлі сапалық сипаттамалары бар – "жоғарғы" және "төменгі" қоңдылықтағы ірі қара мал;

      2) әртүрлі жас топтарындағы - сүт табынындағы екі және бес жастағы ірі қара мал;

      3) өнімнің түрлі сұрыптарына, өлшеміне жататын өнімдер – алмалар "апорт" және "лимонка", "ірі" және "ұсақ" өнімдерге, тауарларға тіркелмейді.

      81. Аудан бойынша өнімнің, тауардың түрі бойынша есепті айдың орташа бағасы есепті айдың тіркелген бағаларынан орташа геометриялық баға ретінде айқындалады. Өңір бойынша өнім түрі бойынша орташа баға аудандардың бағаларынан орташа геометриялық шамасы ретінде, Қазақстан Республикасы бойынша – өңірлердің орташа бағаларынан есептеледі.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-тарау. Деректерді тарату

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      82. Халықаралық Валюта Қоры әзірлеген деректерді таратудың Халықаралық арнайы стандартына сәйкес ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне өндірушілердің баға индексі ақпаратты шығарудың алдын ала белгіленген мерзіміне сәйкес ай сайын, тоқсан сайын жарияланады. Ақпарат баспасөз хабарламасы, жедел ақпарат түрінде оларды Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде таралады. Тауарлар топтары, кластары және түрлері бойынша неғұрлым нақтыланған бағаның өзгеруі туралы ақпарат статистикалық бюллетеньдерде, жинақтарда жарияланады.

      Пайдаланушыларға өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсіндірмелермен бірге беріледі.

      Қоғамның индекске деген сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында бағаны тіркеу рәсімдерін және баға индексін есептеу тәртібін сипаттау Ұлттық статистика бюросының сайтында қолжетімді буклеттер, кітапшалар және басқа да басылымдар түрінде жарияланады.

      Орташа бағаларды жариялау өңір және Қазақстан Республикасы бойынша есептелген орташа бағаның репрезентативтілігін сақтау кезінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өндірушілердің ауыл,
орман және балық
шаруашылығы өніміне баға
индекстерін құру әдістемесіне
қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Бағаны келесі кезеңге ауыстыру" әдісін қолдана отырып өнім түрінің орташа бағасын есептеу мысалы

Кәсіпорын

Өткізудің орташа бағасы, тоннасына теңгемен

базистік кезең

есепті кезеңнің

есепке сәйкес

қосымша есептеуден кейін

№ 1

14556

14880

14880

№ 2

15004

-

15004

№ 3

14880

15024

15024

Орташа баға

14812


14969

      Әдіс мынаны көздейді: есепті айда уақытша және маусымдық бағалар болмаған жағдайда ол алдыңғы айда тіркелген бағаға (15004) ауыстырылады. "Шартты бағаны" есепке алғандағы орташа баға: = 14969 теңге.

  2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 308 Өндірушілердің ауыл,
орман және балық
шаруашылығы өніміне баға
индекстерін құру әдістемесіне
2-қосымша

"Жалпы орташа шаманы шартты есептеу" әдісін қолдана отырып өнім түрінің орташа бағасын есептеу мысалы

Кәсіпорын

Өткізудің орташа бағасы, тоннасына теңгемен

бағаның өзгеруі, %-бен

базистік кезең

Есепті кезең

есепке сәйкес

қосымша есептеуден кейін

№ 1

19278

19300

19300

100,1

№ 2

19020

19400

19400

101,9

№ 3

18846

18920

18920

100,4

№ 4

16500

-

16632

100,8

Орташа баға

18411


18563

100,8

      Әдіс топ ішіндегі ұқсас өнім түрлеріне немесе басқа базалық объектілердегі ұқсас өнімдерге бағаның өзгеруі негізінде "шартты бағаны" есептеуді көздейді.

      Ол үшін жүйелі түрде мыналар есептеледі:

      1) өткізілімі бар базалық объектілер бойынша бағаның алдын-ала өзгеруі: (100,1% + 101,9% + 100,4%)/3 = 100,8%;

      2) өткізілімі жоқ кәсіпорын бойынша шартты баға: 16500х100,8/100 = 16632 теңге.

      3) шартты бағаны есепке алғандағы орташа баға: = 18563 теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады