Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Көкшетау қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № С-6/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 5615 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 20.03.2018 № С-19/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Көкшетау қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Көкшетау қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншы шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының 6 –шы
кезектен тыс сессиясының
төрағасы
Ғ.Көпішев
      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Б.Ғайса

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев

      2016 жылғы "5" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады