Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6 "Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 2/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 сәуірде № 5300 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 15/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 26.11.2021 № 15/3 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4816 тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2 қосымшаларға сәйкес жоғарылатылсын (төмендетілсін).".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Г.Кәрімова
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      14 сәуір 2016 жыл

      "Есіл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М.Смағұлов

      14 сәуір 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады