Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте № 5534 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 1/25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 13.02.2018 № 1/25 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6- бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" "Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
Ж.Темірбек
      Қорғалжын аудандық
мәслихатының хатшысы
Ө.Балғабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қорғалжын ауданының әкімі Қ.Рыскелдінов

      11.08.2016

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қорғалжын ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекеме басшысы
М.Алибекова

      11.08.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады