"Құмсай ауылының көшесіне атау беру туралы" 2009 жылғы 26 қазандағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақобда ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 29 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қаңтарда № 5250 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Алға ауданының Қарақобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарақобда селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2009 жылғы 26 қазандағы № 4 "Құмсай ауылының көшесіне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-94 болып тіркелген, 2009 жылдың 22 желтоқсанында "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне" деген сөздері алынып тасталынсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарақобда ауылдық округінің әкімі С. Курмансеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады