Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 249 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 тамызда № 5041 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 124 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 18.06.2019 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусіноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. З. Шермаганбет
      Қобда аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Ерғалиев

  Қобда ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 249 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі

      Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары

      1) барлық мамандықтардың дәрігерлері
      2) барлық мамандықтардың орта деңгейдегі медициналық қызметкерлері
      3) әлеуметтік педагог
      4) психолог

      Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

      5) әлеуметтік қызметкер
      6) бөлімше меңгерушісі
      7) бөлімше кеңесшісі
      8) жұмыспен қамту орталығының директоры
      9) жұмыспен қамту орталығының маманы

      Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары

      10) білім беру мекемелерінің барлық мамандықтардың оқытушылары
      11) жалпы білім беру мектебінің директоры
      12) мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі
      13) дене тәрбиесінің жетекшісі
      14) алғашқы әскери дайындық жетекшісі
      15) білім беру мекемелерінде тікелей оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын білім меңгерушісі (спорттық кешен меңгерушісі)
      16) педагог-психолог
      17) аға тәрбиеші, тәрбиеші
      18) әлеуметтік-педагог
      19) мектепке дейінгі балалар ұйымының музыкалық жетекшісі
      20) аға басшы, басшы
      21) өндірістік оқу шебері
      22) лаборант
      23) диеталық бике
      24) аға әдіскер, әдіскер
      25) оқу бөлімінің меңгерушісі
      26) кітапхана меңгерушісі, кітапханашы
      27) шығармашылық шеберханасының жетекшісі (білім беру ұйымдарында)
      28) мұғалім-логопед
      29) педагог -ұйымдастырушы
      30) қосымша білім беру педагогі
      31) мұғалім-дефектолог
      32) оқу-тәрбиелік қызметпен тікелей айналысатын музыкалық жетекші
      33) еңбек және дене тәрбиесі жөнінде нұсқаушы
      34) хореограф
      35) мәдени ұйымдастырушы
      36) бағдарламаны қамтамасыз ету бойынша маман, инженерлер

      Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары

      37) директор
      38) музыкалық жетекші
      39) әдіскер
      40) библиограф, кітапханашы
      41) кітапхана меңгерушісі
      42) бөлім меңгерушісі
      43) сүйемелдеуші
      44) хореограф

      Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары

      45) директор
      46) әдіскер

      Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары

      47) ветеринарлық станция директоры
      48) ветеринарлық пункт меңгерушісі
      49) ветеринарлық фельдшер
      50) ветеринарлық санитар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады