"2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 37 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 қыркүйекте № 5050 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 7 "2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы Ж. АТАМҰРАТОВА
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. ЕРҒАЛИЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады