Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын, бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 37 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 5013 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 05.03.2021 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнің 8 бабына, 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы, бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессиясы төрағасы М. Ержанов
      Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Е. Нуртаев

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 шілдедегі № 37 шешіміне 1 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы


  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 шілдедегі № 37 шешіміне 2 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жерлерін бағалау аймақтарының шекаралары

Аймақ нөмірі

Жер-кадастрлық кварталдар шекараларымен аймақтардың қиылысу шекаралары

Аймақ ауданы, га

I

I аймақ: 4в, 4б, 5б, 5г, 6в, 1г учаскелерінің шекараларында,
-004, -005,-006 жер - кадастрлық кварталдар

179,84


Бірінші алап
Алаптың шекаралары Г.Резванов көшесі бойынша солтүстік-батыс бөліктен басталып, әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытта жоғарыда аталған көшемен оңтүстік бағытындағы Москва көшесіндегі бұрылысқа (батыс бөлік) тіреліп, мұнда солтүстік-батыс бағытта тұзды көлді, оған жақын жатқан құрылыстарды қоршай келе, М.Шыманұлы көшесіне дейін (батыс бөлік) және оның бойымен әрі қарай оңтүстік-батыс бағытында А.Жұбанов көшесіне тіреліп (солтүстік бөлік) және солтүстік-батыс бағытында Қ.Қонақбайұлы көшесіне дейін (шығыс бөлік), Қ.Қонақбайұлы көшесі бойымен солтүстік-шығыс бағытында Желтоқсан көшесіне дейін (солтүстік бөлік), Желтоқсан көшесі бойымен бұрыштағы №1а үйге дейін, солтүстік бағытында Г. Резванов көшесіне дейін.
Екінші алап
Шекаралары, Шалқар - Ырғыз тас жолынан, әрі қарай А.П.Тихонов көшесі бойымен басталып, темір жол өнеркәсібі аймағын қоса алғанда, Питомник тұйығына дейін, Питомник тұйығынан онтүстік-батыс бағытында Г. Резванов көшесіне дейін, Г. Резванов көшесі бойымен солтүстік бағытында өнеркәсіп аймағымен шектесіп, Шалқар - Ырғыз тас жолына дейін.


II

II аймақ: 4а, 4г, 5а, 5в учаскелерінің шекараларында,
-004, -005 жер-кадастрлық кварталдар

287,21


Бірінші алап
Шекаралары Жағалау және Желтоқсан көшелерінің қиылысынан солтүстік бөлікте (оңтүстік бөлік) басталады, әрі қарай Қ.Қонақбайұлы көшесімен (батыс бөлік) №121 үйге дейін, А.Жұбанов көшесіне өтіп (оңтүстік бөлік) оңтүстік-шығыс бағытында М.Шыманұлы көшесімен қиылысқанға дейін (шығыс бөлік) созылып, әрі қарай солтүстік-шығыс бағытында І.Үргенішбаев көшесімен қиылысқанға дейін, оның бойымен оңтүстік-шығыс бағытында, көшенің екі жағындағы құрылыстарды қоса алғанда, өндірістік базаға дейін, әрі қарай оңтүстік - батыс бағытында Бүйректөбе көшесімен (шығыс бөлік) А.Жұбанов көшесі қиылысына дейін, әрі қарай шекара А.Жұбанов көшесі №15 үйге жетіп, күрт оңтүстік бағытта Шалқар - Бозой тас жолымен екі жағын қамтып (тас жолын маңайындағы батыс және шығыс бөліктерін), Е.Бекет көшесіне дейін, оңтүстік бағыттағы құрылысы жоспарланып отырған әкімшілік құрылыстар мен демалыс паркі орналасқан кең учаскесі бар екі жақты қамти келе, әрі қарай батыс бағытында Шалқар көлінің жағасымен Жағалау көшесіне (шығыс бөлігі) солтүстік бағытта Шалқар көлін айналып өтіп, шекара сызығын Жағалау және Желтоқсан көшелерінің қиылысында аяқтайды.
Екінші алап
Шекаралары Желтоқсан көшесі №1а (оңтүстік бөлік) басталып оның бойымен стадионға қарай бұрылысқа дейін, мұнда жолдың екі жағын қамтып, әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытындағы зиратқа дейін, мұнда шығыс бағытына ауысып, аурухананың артқы жағында Т.Шойғарин көшесімен, көшенің екі жағын қоса алғанда, спортзалының ғимаратына дейін, тұзды көлдің жағалауымен, жоспарланып отырған демалыс паркі бар көлдердің арасындағы кеңістікпен қоршап, әрі қарай Н.Қобландин көшесінің екі жағын қамтып, Желтоқсан көшесіне дейін.


ІІІ

ІІІ аймақ: 2а, 2б, 3а, 3б, 6а, 6б, 6г учаскелерінің шекараларында,
-003, -006 жер-кадастрлық кварталдар

554,85


Бірінші алап
Шекаралары батыста Шалқар - Ырғыз тас жолының бойымен электр таратушы қосалқы стансасы аумағына дейін жетіп, солтүстік бөлігінде Жастар көшесіне дейінгі ғимараттарды қамтиды, электр беріліс желілерінің өтуіне байланысты елеусіз үзіліп, құрылыстары бар тұрғын алапты айналып өтіп (оңтүстік бөлік), мұнда шығыста айналма тас жолымен бұрылысқа дейін жетпей, оңтүстік бағытта тұрғын алабын айналып келе, Шоқысу тұйығына дейін жетіп, Шоқысу тұйығынан "Бауырластар зираты" саябағының артқы жағымен Ы.Қарагулин көшесіне дейін, бала-бақша ғимаратынан оңтүстік-шығысқа бұрылып, әрі қарай А.П.Тихонов көшесінің екі жағын қамтып, Шалқар - Ырғыз тас жолымен қосқан жолға шығады.
Екінші алап
Шекаралары солтүстікте Москва (шығыс бөлік) және Г.Резванов көшелерінің қиылысынан басталады, әрі қарай шығыс бағытында темір жол қызметкерлеріне арналған жаңа қалашыққа дейін жетіп, оны қамти келе, шығыста ауданның Бас жоспарына сай жоспарланып отырған "Уплотнение" ауданын айналып өтіп, мұнда айналма тас жолы бойымен Шалқар - Бозой жолына дейін, онымен шектескен жерде (шығыс бөлік) солтүстік бағытында А.Жұбанов көшесі №1 а үйге дейін, әрі қарай оңтүстік - шығыс бағытта Бүйректөбе көшесіне дейін (оңтүстік бөлік), солтүстік шекараның бойымен жоспарланып отырған "Уплотнение" ауданын айналып өтіп, Е.Қайдауылұлы көшесіне дейін жетіп, батыс бағытында зиратты жағалай өте, Ж.Ахун мешітіне дейін, Ж.Ахун мешітінен солтүстік-шығыс бағытта Москва көшесінің екі жағына жақын орналасқан алаңдарын қамтып, Г. Резванов көшесі қиылысына шығады.


IV

IV аймақ: 1а, 1б, 1в, 6е, 6д учаскелерінің шекараларында,
-001, -004, -006 жер - кадастрлық кварталдар

502,03


Бірінші алап
"Жомарт" даму аймағы.
Екінші алап
"М.Шыманұлы" даму аймағы.
Үшінші алап
"Өнеркәсіп аймағы" даму аймағы.
Төртінші алап
Шалқар қаласының даму аймағы.


  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 шілдедегі № 37 шешіміне 3 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтың нөмірі

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

I

2,0

II

1,7

III

1,5

IV

1,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады